ҚазҰУ спортшылары Дүниежүзілік универсиадада өнер көрсетеді

27.07.2023

Көрулер: 29307

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бес спортшысы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін ХXXI жазғы дүниежүзілік студенттік ойындарға аттанды.

Олар спорттың жеңіл атлетика, дзюдо және нысанаға оқ ату түрлерінен Қазақстан намысын қорғайды.

Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова, дзюдодан Бекарыс Сәдуақас пен Сұңғат Жұбатқан, нысанаға оқ атудан Аруна Алтухова және Константин Малиновский ел құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар әлемдік додада ҚазҰУ түлектері – Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан, Әлібек Мусин жүзуден бақ сынайтын болады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы универсиададағы жарыс жолын ертең садақ ату жарысынан бастайды. Жазғы дүниежүзілік студенттік ойындар 28 шілде мен 8 тамыз аралығында спорттың 18 түрінен өтеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі