«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары»

26.01.2024

Көрулер: 341

2024 жылғы 25 қаңтарда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушылары Есенова М.Ә. және Кулмурзаева Л.Р. 6B05109 - Нейроғылым мамандығының 1 курс студенттерімен «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбы бойынша ТДМ 11 шеңберінде семинар-тренинг өткізілген болатын. ТДМ 11 бойынша өткізілген семинар-тренингтің мақсаты жер сілкінісі болған жағдайда қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіп, зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу, өте сақ болып, ғимаратты тез арада босату, яғни басқа жаққа бару керектігі туралы толық мағлұмат беру болатын.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықта таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісі – дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай – ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады. Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады. Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып – білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді. Сонымен қатар, қауіпсіздык шараларын есте сақтау үшін жаттығулар жасалды.