Тоққожа ҚОЖАҒҰЛ

"Абай"

"Бауыржан Момышұлы"

"Сағат Әшімбаев" 

"Жанболат Аупбаев"

"Төлен Қаупынбаев"

"Баққожа Мұқай"

Байланыс нөмірі: 8-7772875587

1962 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Т.Қожағұлов КСРО жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, профессор, педагогика ғылымының кандидаты, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі.

Т.Қожағұлов шығармашылық жұмыстарымен 1987 жылдан облыстық, республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысады.

2017 жылы ҚР Орталық музейінде 50-ден астам портретімен өткізген «Үнсіз музыка» атты жеке творчестволық көрмесіне 2000-нан астам көрермен жиналып, өнертанушылар, ғалымдар мен мәдениеттанушылар және көрермендерден жоғары баға алды.

Т.Қожағұлов қазақтың бас ақыны Абайдың (М.Әуезов мұражайы), жыр алыбы Жамбылдың «Жырдың қызыл жолбарысы. Жамбыл» (Жамбыл мұражайы), Жамбыл Жабаев (ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жекеменшігінде), Ер-Қарасай («Рахат-Палас» қонақүйі), Әйтей батыр (Қаскелеңдегі тарихи-өлкетану мұражайы), Мұхтар Әуезовтің (Қырғызстан, Шолпан-атадағы М.Әуезов мұражайы), ақиық ақын М.Мақатаевтың (М.Мақатаев мұражайы), «Менің анамның портреті» (Ресей, Көркемсурет дирекциясының қоры), Тәттімбеттің (Қарағанды мұражайы) келелі портреттерін дүниеге әкелді.

Бейнелеу өнеріне сіңірген сүбелі еңбектері үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.