Алпысбай ҚАЗЫҒҰЛОВ

«Көктем»

«Керуен

«Дала әуені»

«Бәйге»

«Батырлар»

Байланыс нөмірі: 8-7023273028

1958 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітірді.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан суретшілер одағының басқарма мүшесі. 1978 жылдан бері республикалық және халықаралық деңгейдегі бейнелеу өнері кәсіби шеберлерінің көрмелеріне қатысып келеді. Суретшілердің симпозиумдарына бірнеше рет қатысты. Сондай-ақ шетелдердегі, оның ішінде Ресейдегі, Жапониядағы, Нидерландыдағы, Бельгиядағы, Қытайдағы, Түркиядағы, Ұлыбританиядағы көрмелерге қатысқан. Онға жуық жеке көрмесі Қазақстанның әртүрлі мәдениет орталықтарында болып өтті. Оның жұмыстары астаналық Қазіргі заманғы өнер музейінің, Президент мәдениет орталығы, Ә.Қастеев атындағы ҚР Ұлттық музейінің, Астанадағы ҚР Ұлттық музейінің және отандық, шетелдік жеке коллекционерлердің көркемдік топтамасына енген.

Еліміздің жас суретшілеріне арналған онға жуық пленэр ұйымдастырып, өткізді.
Алпысбай Қазығұлов Қазақстанның өнеріне сіңірген сүбелі үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Парасат» ордені сияқты мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Прагада әлемдік өнерге қосқан үлкен үлесі үшін Еуропалық өнер одағының Масарик атындағы құрметті сыйлығымен марапатталды.

Абстракционизм және сюрреализм стилінде жұмыс істейді. Хоббиі – көрнекті суретшілердің картиналарын жинау.