Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

(08.07.1958, Қазақстан Республикасы)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры. 

Білімі:

- С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1980)

Мамандығы "Филолог"

- Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті (2000)

Мамандығы "Заңгер"

- 1-сыныптың Төтенше және Өкілетті өкілі (11.2005)

 

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

- Филология ғылымдарының кандидаты (1987);

- Филология ғылымдарының докторы (2008);

- Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор;

- Түркия Республикасының Ниде университетінің құрметті докторы (2014)

 

Еңбек өтілі:

- С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1980-1993);

- ҚР СІМ орта және Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі (1993-1994);

- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);

- Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық қызметінің консультанты (1997-1999);

- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы бас консулы (Стамбул қ.) (1999);

- Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасының Бастығы (1999-2004);

- Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының бастығы (03.2004-02.2006);

- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-01.2007);

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (01.2007-09.2010);

- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010-10.2016);

- Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (03.2011-10.2016);

- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (07.10.2016-06.2018);

- Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019);

- Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (02.2019-02.2021);

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (ҚазҰУ) (02.2021 бастап)

 

Басқа лауазымдар:

- ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының Басқарма төрағасы (25.06.2007-2010);

- Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары. (2007-1010);

- "Парасат" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (11.2008-11.2010);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (17.04.2017 бастап)

 

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

- Ордендер: Құрмет (2003), Парасат (2011), ІІІ дәрежелі "Барыс" (2022)

- Медальдар: "Астанаға 10 жыл" (2008), "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "ҚР Конституциясына 20 жыл" (2015)

- Марапаттары: "Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше үлес қосқаны" үшін түрік кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің қауымдастығы (2011), "Халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері" үшін Түркия туризмін дамыту жөніндегі халықаралық платформа (TÜTAP) (2011)