Медицина факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының куратор-эдвайзерлері Оспанбаева М.Ж. және Жұмашев Д.С. 1 курс куратор-эдвайзерлеріне арналған оқыту семинарына қатысты.

12.02.2022

Көрулер: 1597

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер мектебі 2022 жылдың 11-12 ақпанында 1 курс куратор-эдвайзерлеріне және факультеттердің аға куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

Тақырыбы: "Қазіргі жағдайда жастардың бейімделуі: стресске төзімділік және резильенттілік".

Оқыту процесінде келесі бағыттар бойынша тренингтер мен практикалық сабақтар өткізілетін болады:

-  ЖОО студенттерінің өзіндік сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін дамыту;

- ЖОО студенттері үшін оқудан тыс іс-шараларды ұйымдастыру технологиялары;

-  Жастарды өзгерістерге бейімдеу, эмоционалдық жағдайды психокоррекциялау;

-  Стресстік жағдайдағы адамның психологиялық тұрақтылығы;

-  Рухани-адамгершілік тәрбие қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі ретінде;

-  Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

-  Қарым-қатынас стратегиясымен – мінез-сипатының акцентуациясы.

 

Семинар-тренингтің мақсаты: төтенше жағдай кезінде жастарды бейімдеудің заманауи тәсілдеріне, стресске төзімділік пен резильенттілікті дамыту тәсілдеріне оқыту.