2019-Жастар жылы!

29.11.2019

Көрулер: 3174

Жастар мен спорттан басқа өзара байланысты әлеуметтік маңызды құбылыстар жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай, 2019 жылдың 29 қарашасында Дене шынықтыру және спорт кафедрасы студенттерге Қазақстан Республикасының белгілі спорт қайраткері Анатолий Коженкович Кулназаровпен кездесуін ұйымдастырды. Анатолий Кожекенович - педагогика ғылымдарының докторы, жастар, туризм және спорт министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы. Еңбек жолын орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған, елдегі спорттың дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан адам.

Оның басшылығымен жас ұрпақ үшін жаңа жеңістердің іргетасы қаланды деп айта аламыз. Кездесу студенттерге өте ұнады, Анатолий Кожекеновичтің тілектері мен сөздері студенттерге патриоттық-спорттық рух пен салауатты өмір салтына жаңа көзқарас сыйлады! Біздің қонағымызға біздің студенттермен әңгімелесіп уақыт бөлгеніне алғысымыз шексіз!