Қырықбаева Әсем Ақылшақызы
«6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қырықбаева Әсем Ақылшақызының «Полимерлік композит материалдардың оптико-механикалық қасиеттеріне ықпалдандырушы модификаторлардың әсері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене және бейсызық физика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Умаров Фарид Фахриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.04;
Мамаева Аксауле Алиповна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне қарасты АҚ «Металлургия және кен байыту институты» материалтану зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан), мамандығы 01.04.07.
Ғылыми кеңесшілері:
Мурадов Абыл Дарханович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Andrzej Młyniec – PhD, Станислав Стащиса атындағы тау ісі және металургия академиясы, Краков қ., Польша.
Қорғау 2020 жылғы 21 ақпанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика», «6D061100 – Физика және астрономия», «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.
2020 жылғы 21 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Қырықбаева Әсем Ақылшақызына 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық