2022-2023
Парасатты Жастар – Болашағымыздың кепілі
З.С.Несипбаева, п.ғ.к.
Шет тілдер кафедрасы
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Еліміздің азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында және білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты ресми түрде анықталған.
Мемлекетіміздің азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарлама да бар.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру
- оқу, тәрбие процесте ең бастысы.
Әр жастың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Көрсетілген қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Рухы жоғары адам тіршілігінің қиыншылығымен тұйықталынып қалмай, өзгенің адамгершілігін рухани қажеттілігін, шығармашылық тәлімдігін
ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу әр оқу орнында дәріс беруші тәлімгерлер, ұстаздар- басты міндет деп санайды.
Біздің университетте де білім тәрбие бөлінбес үлкен, әрі жауапты, әрі құрметті міндет профессорлар, оқытушылар биік деңгейлі маман даярлаумен қатар ол тұлғаны өз елінің нағыз азаматы, «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейіне ерекше назар аударуда.
Жастардың «Қазақстандық керемет» ұғымға нағыз сай болу үшін университетімізде іс-шаралар сапалы жүргізілуде.
Әр білім беруші ұстаз жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бұл тәрбиелік мән беретін көптеген мәселелерді қайта қарауды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді.
Әсіресе бүгін жоғары білімді ғана емес байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауда.
Университет басшылығы Тәлімгерлердің жан-жақты, ғылыми, шығармашылық ізденістерін қолдап проекттерге, жобаларға қатысуын қамтамасыз ету шаралар арқылы елімізде, шетел мемлекеттерде де жеңімпаз болып жүрген жас мамандар, білімгерлер аз емес.
Оқу орнымыз- әл- Фараби университитетіміз жетістіктерге жетіп, жоғары белестерден көрінуде. Республикамызда, халықаралық көлемде де университетіміздің алар орны жоғары.
Қазақстан экономикасының түрлі секторларының авангардтағы мамандар, заң қызметкерлері, өнер саласының қызметкерлері, әдебиетшілер және т.б. азаматтарымыз біздің Университет түлектері үздік білім алып, Еліміз өркендеуіне адал қызмет етуде.
Бүгінгі күні де заман талабына сай, биік дәрежелі мамандар дайындау жалғасуда.
Егеменді Қазақстан – болашақ жаңа әділетті Қазақстан
Қазіргі егеменді Қазақстан, тарихи Еуразияның ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихы терең, көне шежіресі бар біз үшін орны бөлек ел. Қазақ батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай осынау кең байтақ жер бетінде өздерінің ізін қалдырды. 16 млн. халқы бар Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Бұл ғасырлар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен елді, жерді сыртқы жаудан қорғаған бабаларымыз өмір бойы аңсап өткен өте қымбат та қастерлі орны бөлек тарихи оқиға болды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды», – деп көрсетілді. «Республиканың барлық азаматы Қазақстанның біртұтас халқын құрайды. Заңда Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіздік күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Өзінің тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі әлем таныған, экономикасы дамыған мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ, мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды. Елдің ішкі жағдайында егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эканомикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану міндеті тұрды. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттері – Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтау болды. Республика халқының ерік, күш-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Міне, осылайша іргемізді бекітіп, эканомикалық дамуымызды айқындап, рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық. Ең бастысы, елімізде қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса , қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді. Сонау егемендік алған 30 жылдан аса уақытта еліміз талай оқиғаларды бастан кешіп, кездескен қиындықтарды жеңіп, ілгері дамып, іргелі ел қатарына қосылып келеді. Әрине, бұл салада қолға алатын істер әлі де баршылық, бірақ қол жеткізген нәтижелеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Бүгінде Қазақстан – жаңа да, әділетті даму жолына түскен, түбегейлі өзгеріске бет алған жаңа әділетті Қазақстан. Егеменді еліміздің жарқын болашағына, бақытты елге айналып, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, оған бүкіл ел болып, әр азамат күш салып еңбек ететініне және оған ел басшымыздың барлық мүмкіндікті пайдаланатынына халық сенеді.
Баймұратова И.А. , ф.ғ.к., филология факультеті,
шет тілдері кафедрасының аға оқытушы
Халық таңдауы - Қасым-Жомарт Тоқаев
2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс өткен Президент сайлауында Қазақстан халқы үшін болашақта әрбір адам бақытты өмір сүретін Қазақстанның дамуына адал еңбек ететін президентке дұрыс таңдау жасау өте маңызды болды. Президенттікке үміткерлер ішінде ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен басымдылықпен ең көп дауыс жинады. Нәтижесінде, экзит-полл қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Қасым-Жомарт Тоқаевты 26 қарашада ел Президенті етіп ұлықтап, оның халық алдында ант беруі рәсімі тарихи оқиға болды. Елбасының сайлау алдындағы қыркүйектегі халыққа жолдауын да қарапайым халық жылы қабылдаған болатын. Елбасының елді дамыту бағдарламасын талқылай отырып, халық жаңа әділ Қазақстанның болашағын және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартудың кепілі болады деп үміттенеді. Қасым-Жомарт Тоқаев коалицияға өзіне көрсетілген жоғары сенім үшін алғысын білдірді. "Қоғамдық штабқа, сенімді өкілдерге, еріктілерге алғыс айтамын. Сіздер еліміздің түкпір-түкпірінде болып, ауылдарды, ең шалғай жатқан елді мекендерді де назардан тыс қалдырмадыңыздар. Сіздер елеулі үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздіңіздер. Бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймын. Сондықтан бүгінгі нәтиже – біздің ортақ жеңісіміз!» деп атап өтті. Халық президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халық сенімі ең басты құндылық екенін атап өтті. Бұл ретте ол өз сөзінде қуатты мемлекет құру үшін ең алдымен әділеттілікті орнату керектігін атап өтті. Онсыз реформалар мүмкін емес. Ендеше, біртұтас халық, бір қоғам болып жұмыла отырып, бұл іске бәріміз кірісуіміз керек. Халық әділ сайлауда өзі таңдаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет қазақ елінің бақытты да бейбіт елде өмір сүруіне барлық мүмкіндіктерді жасау үшін бар күш-жігерін жұмсайды деп сенеді және үлкен үміт артады.
Баймұратова И.А. , ф.ғ.к., филология факультеті,
шет тілдері кафедрасының
аға оқытушы
Жаңа Қазақстанда – жаңа сайлау
Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 16 наурыз 2022 жыл. «Кезектен тыс президент сайлауы неге қазір жарияланды?» деген сұраққа келсек, бұл мәселенің тамырына терең үңілу қажет. Себебі оның саяси мәні аса зор. Бұған дейін елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізі екі Жолдауда ашық айтылды. Оны көкірегі ояу, көзі ашық қоғам көріп, біліп отыр. Бұған қоса, Ата Заңымызға өзгерістерді референдум арқылы бекіттік. Енді «Осы реформаларды халық қолдай ма?» деген сұрақ туындайды. Ал бұл үшін сайлау керек. Жаңа кезеңге - жаңа реформалармен! Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды. Президент Жаңадан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырды.
Мемлекет басшысы баяндамасында қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.
Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін.Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!
Беркімбаева С.К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың,
шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы,ф.ғ.к.
Әділ сайлау – жаңа әділ Қазақстанның кепілі
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтпекші.
Мемлекет басшысы, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Дайрабаев Жигули Молдаханұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Салтанат Тұрсынбекова, Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбай президенттікке үміткер ретінде тіркеліп бекітілді. Әр үміткер сайлау алдында ел дамуына қатысты өз бағдарламасын жасады. Аталған президенттікке үміткерлер елдің барлық аймақтарында елдің жайымен танысып, олардың көкейінде жүрген шешмін таппаған мәселелерді талқылап және өз бағдарламаларымен таныстыруда. Үміткердің қайсысы президент болуға лайықты екенін сайлау ғана анықтайды, халық өз бағасын береді, өз таңдауын жасайды, қысқаша айтқанда алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді. Әр үміткер өзінің елмен таныстығын жалғастыруда және олардың әр аймақтағы жұмыс кестесі өте тығыз және олар сайлау алдында қауырт жұмыс үстінде десе де болады. Әр үміткер мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына қатысты кейінге қалдыруды күтпейтін мәселелерді жан жақты қарастырып, ел мұңына жауапкершілікпен қарап, назар аударуға тырысуда. Сондай ақ әр үміткер жарыссөз алаңында өз өкілінің қатысуымен сайлау заңнамасына сай кездесулер өткізуде. Ел әділ сайлау елімізге дамудың жаңа бағытын сілтейді және адамдарға жаңа шабыт береді деп үміттенеді.
Жұртшылықтың басым көпшілігі алдағы реформалар туралы президенттікке үміткерлердің бағдарламаларын талқылауда. Оның ішінде сайлаушылар халықтың жалпы тұрмыс тіршілігін жақсарту, денсаулық, бизнесті дамыту және адами капиталға қатысты бағдарламаларға назар аударады. Үміткерлердің бағдарламасында біз тікелей атап өткіміз келетін көптеген нәрселердің бірі болашақта әрбір адам жайлы өмір сүре алатын жаңа Қазақстанның дамуына шынайы үлес қосатын сапалы да нақты өзекті мәселелер қамтылады. Сондай ақ, медицина проблемалары, экономиканы дамыту, еңбекпен қамту, зейнеткерлік жасты қысқарту және т.б. сияқты маңызды мәселелер атап көрсетіледі. Үміткерлер бағдарламасында болашақ ұрпақты қолдау үшін ана мен балаға жасалатын қамқорлық та қарастырылады. Сайлаушылар президенттікке лайықты үміткерді саралап таңдауға тырысады және әділ сайлау жаңа әділ Қазақстанның болашағына және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартудың кепілі деп үміттенеді. Халыққа Жаңа Қазақстанның шынайы болатынына сенім білдіреді. Ал болашақ ел Президенті мен үкімет халықтың бақытты да бейбіт елде өмір сүруіне барлық мүмкіндікті жасау үшін барын салады деп сенеміз.
Ержанова С.Б
филология ғылымдарының докторы,профессор
Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару
Белгілі бір мелекетке, ұлтқа тән, ортақ «ұлттық саяси сана» болады. Осыған сәйкес әр адам саналы я бейсаналы түрде саяси шешімдердің қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Әрі «сіз саясатпен айналыспағанмен, саясат сізбен айналысады» дегендей, саяси дискурс, концепт күнделікті өмірдің ажырағысыз бөлшегіне айналып та кеткен. Оны өзіміз кейде байқамай да жатамыз.
Саяси концептілердің ішінде негізгі (базалық) дегендері болады. Мысалы, «билік», «саясат», «саясаткер», «Қазақстан», «халық» және «мемлекет». Осылардың ішіндегі ең көп қолданылатыны – халық концепті. Әсіресе сайлау кезінде әр үміткер бұл концептсіз сөз бастамайды, себебі саяси коммуникацияның күрделенген моделі бойынша да халық саяси коммуникацияның міндетті адресаты. Саясат дискурс белгілі бір тұлғаға немесе ұйым, партияға бағытталған болса да халық оның басты тыңдаушысы, бағалаушысы мен сынаушысы болып қала береді. Осы процестің айқын көрінуі сайлау кезінде жүзеге асады.
Сайлау – демократияның міндетті шарты, халық мүддесін білдіру мен белгілі тұлғалардың өз халқына қызмет ету құқығына бәсекелестік. Сонымен қатар, сайлаудың өзі – халық қалаулысын таңдау процесі яғни халық қалауын жүзеге асыру. Осымен жетінші рет елімізде президенттік сайлау өтпек. Жаңа заң бойынша президент ендігі бес жылдың орнына жеті жылға сайланатын болады. 2022 жылдың 20 қарашасында болатын кезектен тыс президенттік сайлауға алты кандитат түспек: Қ.Тоқаев, М.Қажікен, Ж.Дайрабаев, Қ.Әбден, С.Тұрсынбекова, Н.Әуесбаев. Әрі биыл президенттік сайлауға әйел адамдардың қатысып жатқандығы Қазақстан тарихында бірінші рет орны алып жатқан жағдай екендігін айта кетуіміз керек.
Ең алғашқы сайлау жүйесі ежелгі Грекия мен Римде пайда болғанын ескерсек, сол кезден бастау алған сайлау жүйесі әр кезеңде әрқалай толығып, өзгертіліп отырған. Осылайша, бүгінгі таңдағы, біздің түсінігіміздегі сайлау жүйесі қалыптасты. 2022 жылғы сайлау да негізінен тұрақталған жүйеге сай кезең-кезеңімен өткізілуде.
2022 жылдың сайлауындаға еңгізілген жаңашылдық ретінде дауыс беру бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген графаның қосылуын айтуға болады. Алайда сайлау нәтижесі аясында бұл жаңашылдықтың пайдалылығы өз алдына бір мәселе, себебі сайлаушылардың қаншалықты пайызы бұл графаны белгілегенімен, ол сайлау нәтижесіне еш әсер етпейтіндігі тағы бар. Осыдан келе, бюллетенге қосылған «бәріне қарсымын» графасы тек сайлаудан кейін жиналған статистикаға сай халықтың билік жұмысына наразылық танытатын пайызын анықтауға септігін тигізетіндігін айтуға болады. Мысалы, «бәріне қарсымын» графасын таңдағандар барлық сайлаушылардың жартысы я одан көбі болса сайлау жүйесінде, үміткерлерді бекіту кезеңінде кемшілік барын танытады.
Үміткерлердің әрқайсысы халықпен коммуникациясында түрлі ұстанымдардың тірек етіп алып халыққа уәде берді. Уәде – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарындағы әр үміткердің негізгі бағытын да танытады, халықтың оны жақтап я қарсы дауыс беруіне әсер етеді. Сонда өз үгіт-насихатында Қ.Әбден негізінен бала тәрбиесі мен білім жағын қозғап, елдегі әйел адамдардың көшбасшылығын нығайту керектігі туралы сөз қозғады. Н.Әуесбаев өз агитациясында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды негізгі тақырып етіп халыққа жеткізуде. Ж.Дайрабаев ауыл шаруашылығы туралы, М.Қажыкен түрлі этностардың бірігуі туралы айтып, осы мәселелерді көтеруде. С.Тұрсынбекова экономика, өндіріс, халықаралық қатынастар, денсаулық сақтау, білім мен әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша агитациясын жүргізуде. Ал Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақсатнды» құру идеясын негізгі етіп, халыққа жолдауларында бұрынғы қателіктерді түзету мен негізгі мемлекеттік институттардың жұмысы қайта қаралып барып жұмыс істейтіндігі туралы сайлауалды үгіт-насихатын жүргізуде.
Президенттік сайлау тек қана ел ішіндегі жағдайға ғана емес, әлемдік сахнадағы саясатқа да әсер ететін процесс. Халықтың өзі үшін де, мемлекеттік әлемдік аренадағы орны үшін де таңдалған президенттің білімділігімен қоса саясаткерлігі, көрегендігі мықты болуы шарт. Халық та таңдау жасағанда осы мәселелерге мән беретіні анық. Осыдан келе, жоғарыдағы үміткерлердің уәделері халық қалауы мен мемлекет мәселесінде тек бір жағынан келіп отырғандай, басқа қыры белгісіздеу қалып қойып отырғандай көрінеді. Әрине, осыдан кейін үміткерлердің ішінде Қ.Тоқаевтың өзгелерден деңгейі жағынан бөлек тұрғаны көзге ұрып тұр. Бұл сайлауға деген қызығулықты кемітеді. Халық сайлау кезеңдерін көз алмай бақылауы үшін үміткерлердің ішінде халыққа бұрыннан таныс, саяси беделінің қалыптасқан, дәрежесі бар бірнешеуі болуы керек.
Биылғы жылғы президентіміздің әрбір жолдауы халықтың көкейінде жүрген жалпы халықтық саяси экономикалық мәселелермен қатар халықтың әлі шешілмей жатқан әлеуметтік жағдайына да көп назар аударылып, күн тәртібіне қойылуы қуанарлық жәйт.
Президент жолдауында халықты толғандыратын мәселелердің басым көпшілігі қамтылады деуге болады. Әсіресе көңіл қуантарлвқ ең басты нәрсе еліміздің болашағы балаларға берілетін әлеуметтік көмек, қамқорлық бұрын соңды болмаған жаңа деңгейде бағыт алды десек те болады. Ел президенті "Балалар жылы" деп жариялаған жылы "Ұлттық қор - балаларға" деген арнайы бағдарлама жасалып, осы бағытта ана мен баланы қолдау мақсатында атқарылатын іс-шаралар балалардың бақытты елде өмір сүруіне, жарқын болашағына жол ашары сөзсіз.
Сондай ақ әлі де жетіспей жатқан мектеп, бала бақша мекемелерін салу да жоспарланып отыр. Ия, болашағын ойлайтын елде балалар үкіметтің, елдің қамқорлығын жастайынан көріп өскенде ұлтжандылық, елге деген құрмет, патриоттық сезімі жоғары, мықты болары анық.
Баймұратова Ираш Амановна
Шет тілі кафедрасы