"Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты VIII Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми – практикалық конференциясы, 28-29 сәуір 2022 ж.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ, КАТАЛИЗ ЖӘНЕ МҰНАЙХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 

 

Сіздерді 2022 жылы 28-29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін "Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты VIII Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

МАҢЫЗДЫ!

 

Covid-19 пандемиясымен жалғасып жатқан тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция Zoom онлайн платформасы арқылы қашықтан өтеді.

Құрметті конференцияға қатысушылар! Конференцияның ашылуына біз Сіздерді шақырамыз 

Өтетін уақыты:  

28 сәуір 2022 - 29 сәуір 2022

11:00 Ресей, Новосибирск

10:00 Қазақстан Республикасы, Алматы


Конференцияға келесі сілтемемен кіруге болады: https://us06web.zoom.us/j/6043221729?pwd=aXg5RG1nVzY1OE1MeUlqdlVjVloydz09

Идентификатор конференции: 604 322 1729

Код доступа: 245814

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Программа конференции последний.pdf

Құрметті қатысушылар! "Функционалды материалдардың химиялық технологияларыХалықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағын келесі сілтеме бойынша алуға болады: 

Сборник Межд Рос-Каз 8-Химтех .pdf

 КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: 

1. Функционалды материалдарды синтездеу, модификациялау және өндіру процестерін болжаудың ғылыми негіздері. Жаңа функционалды материалдардың сипаттамаларын зерттеу. Функционалды материалдарды алудың экологиялық аспектілері.

2. Химиялық технологиялар процестері мен аппараттары. Каталитикалық процестерді және мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу катализаторларын физика-химиялық зерттеу.

 

Конференция бағдарламасына Ресей, Қазақстан және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінен материалдарды синтездеу және химиялық технологиялар саласындағы жетекші мамандардың пленарлық және негізгі баяндамалары енгізілетін болады.

 

Конференция шеңберінде студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың үздік баяндамаларының конкурсы өткізіледі, РҒДИ деректер базасында келтірілген конференция материалдарының жинағы шығарылады.

 

Ұйымдастыру комитеті таңдаған үздік жұмыстар Scopus және/немесе Web of Science деректер базасына кіретін журналда жарияланады.

Конференция тілі: орыс және ағылшын тілінде 

 

НЕГІЗГІ КҮНДЕР:

 

              Материалдарды қабылдау                   2022 жылдың 31 наурызына дейін

Конференция өткізу                             28-29 сәуір 2022 ж.

 
 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ

 2022 жылдың 31 наурызына дейін chem_tefmat_22@mail.ru электронды поштасына (мекенжайға) келесі ақпаратты жіберуіңіз керек.
 1. Төменде көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама тезистері.
 2. Тіркеу формасы.
 3. Мемлекеттік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің жоқтығын растайтын ашық жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды. 
 

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 Тезистің көлемі мәтінде көрсетілген суреттер мен кестелерді қоса алғанда, А5 форматындағы 4 беттен аспауы тиіс.
 Мәтінді ресімдеу (форматтау): Барлық жиектері – 20 мм, жоларалық интервал – 1, Times New Roman қарпі, шрифт өлшемі –10. Мәтінде қолданылатын қысқартулар бірінші қолданылған кезде түсіндіріледі.
 Баяндама материалдарының мәтіні төмендегі талаптар бойынша ресімделеді:
- баяндаманың атауы (бас әріптермен); қалың шрифт өлшемі 12, абзацсыз құжаттың ортасында орналасады;
- бос орын;
- авторлар туралы ақпарат:
авторлардың аты-жөні келесі ретпен: тегі, аты-жөні; жұмыс/оқу орны (толық, қысқартуларды қолданбай);
- ғылыми жетекшінің аты-жөні (студенттер мен аспиранттар үшін);
- баяндамашының е-mail.
Қалың шрифт (толық аты-жөні үшін), жәй шрифт (басқа деректер үшін), өлшемі 10, құжаттың ортасына, абзацсыз орналастыру;
- бос орын;
- материалдар мәтіні. Жәй шрифт өлшемі – 10,  жоларалық интервал – 1, абзац шегінісі 0,7 см. Сілтемелер: суреттерге – сурет 1; кестеге – кесте 1;

Әдебиеттер тізімі (5 дереккөзден аспауы керек) дереккөздерді қолдану тәртібімен жасалады. Мәтінде дереккөз нөмірі тік жақшада берілуі керек.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу.

"Әдебиеттер тізімі" тақырыбы – қалың шрифтпен, өлшемі 10, құжаттың ортасына, абзацсыз орналастыру; бұдан әрі – тізімі: жәй шрифт өлшемі  9, абзацсыз.

Әдебиеттер тізімі ГОСТ Р 7.0.5-2008 " Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама" сәйкес рәсімделеді.

Мақала мәтініндегі суреттерді, кестелер мен формулаларды ресімдеу:

- мәтінге сурет файлдары *.jpg немесе *.tif форматында орналастырылады. Графиктер мен суреттердегі жазулар және басқа да белгілер анық және оңай оқылуы тиіс (кәдімгі қаріп, кегль 8-ден кем емес);
- суреттер мен кестелерді ресімдеу:
- Сурет 1. Атауы
- Кесте 1. Атауы
Атаудан кейін нүкте қойылмайды. Жәй шрифт өлшемі 9, мәтінді құжаттың сол жақ шетіне, абзацсыз орналастырады.
- Формулалар mathtype (Equation Editor) редакторында теріледі, әдепкі параметрмен. Файл атауында автордың аты-жөні, мысалы, Ivanov_AA.docх немесе Ivanov_AA.doc. болуы керек. Файл MS Word 2007, 2010 нұсқаларының көмегімен жасалуы тиіс.

Тіркеу формасы мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://forms.gle/nkGaawFbY4wBMFFaA

Постер презентациясының мысалын мына жерден алуға болады:

https://drive.google.com/drive/folders/1q7zEQur6XTuu3auBSkhhomxTnmuFOcFD?usp=sharing

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

 

Сырттай қатысу                                             3000 теңге / 550 рубль / 7 $

Күндізгі қатысу                                          6000 теңге / 1090 рубль / 14 $

 
Реквизиттер:
"Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"КЕАҚ
"Қазақстан Халық банкі" АҚ
БИН 990140001154
ИИК KZ156010131000194743
БИК HSBKKZKX
Коды 16
Kaspi Gold 4400 4301 6262 1673 немесе телефон нөмірі 8 775 929 59 94
 
 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Алматы, Қазақстан
Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті (НМТУ), Новосибирск, Ресей 
Қатты денелер химиясы және механика химия институты РҒА СБ, Новосибирск, Ресей
 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Түймебаев Ж.К. - филол.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма Төрағасы-Ректоры

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ
 
 Тасибеков Х.С. - х.ғ.к., қауымд.проф., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры м.а., Қазақстан 
Уваров Н.Ф. – химия ғылымдарының докторы, Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің химия және химиялық технология кафедрасының профессоры, Новосибирск, Ресей
Әубәкіров Е.А. – химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы, Қазақстан 
 
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ
 
Батаев А.А. – техника ғылымдарының докторы, профессор, НМТУ ректоры, Ресей
Түймебаев Ж.Қ. – Басқарма төрағасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан
Ляхов Н.З. – Ресей ғылым академиясының академигі, ҚДХМИ, РҒА СБ кеңесшісі, Новосибирск, Ресей
Немудрый А.П. –  РҒА корр. - мүшесі,ҚДХМИ, РҒА СБ директоры, Новосибирск, Ресей
Брованов С.В. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, Новосибирск, Ресей
Некрасов В.В. – т.ғ.к., НМТУ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Новосибирск, Ресей
Загоруйко А.Н. – техника ғылымдарының докторы, жетекші ғылыми қызметкер, РҒА ИК СБ, Новосибирск, Ресей
Апарнев А.И. х. ғ. к., доцент, НМТУ, XXT кафедрасының меңгерушісі., Новосибирск, Ресей
Оспанов Х. К. ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Қазақстан
Каирбеков Ж.К. х.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы, Қазақстан 
Оспанова А.К. – х.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры., Алматы, Қазақстан

 Qamar Abbas  PhD, ass. prof., Graz University of Technology, Austria

Тунгатарова С.А. – х.ғ.д.,проф. Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты, ҚазҰУ әл-Фараби, Алматы, Қазақстан 
Бәкірова Б.С.PhD, ҚазҰУ. әл-Фараби, Алматы, Қазақстан 
 

ЖЕРГІЛІКТІ КОМИТЕТ 

 
Бәкірова Б.С. конференцияның жауапты хатшысы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары 
Жаксылыкова Г.Ж. – х.ғ.к., физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті 
Орынбасар Р. О. – х.ғ.к., физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. 
Жұмашева Н.Ж. – физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының жетекші қызметкері 
Байланыс үшін электрондық мекен-жайы: chem_tefmat_22@mail.ru