7M02101 Баспа ісі

 

Білім беру бағдарламасы

7M02101 Баспа ісі

Білім саласы

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

7М021 Өнер

Білім беру бағдарламаларының тобы

М032 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Мақсаты

Баспа ісі және ғылыми-педагогикалық қызмет саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, кітаптану, баспа ісінің инновациялық тәжірибелері саласындағы жаңа теориялардың қазіргі заманғы білімдерін түсіндіру және жалпылау; ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру; одан әрі оқытудың және ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

  1. Баспа процестеріне ұлттық кітап баспасының мәдени құндылықтарын енгізу. Түрлі жанрдағы әдебиеттерді басып шығарудағы жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді (баспаның сандық технологиялары, сирек кітаптарды қайта басып шығарудың жаңа форматтары мен әдістері, техникалық құралдардың кең функционалы, бренд-маркетинг) жүйелеу.
  2. Баспа стандарттары саласындағы қазіргі заманғы нормативтік мәліметтер кешенін қолдану. Баспа қызметінде реттеушілік, басқару процестерін жүзеге асыру және зияткерлік меншік құқығын іске асыруға бақылау жасау.
  3. Баспа ісін дамытудың қазіргі ғылыми теорияларын, нарықтық конъюнктураны ескере отырып, әлемдік жетекші баспалар деңгейінде оларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану. Баспалардың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеу тәжірибесін талдау-синтетикалық ұғыну әдістерімен жалпылау.
  4. Аналитикалық, салыстырмалы, маркетингтік, Әлеуметтану және математика әдістерін қолдана отырып, өзіндік ғылыми зерттеулерді жүргізу, бастамашылық ету және нәтижелерді әлеуметтендіруге қол жеткізу. Кітаптану, кітап шығару және логистика саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жіктеу.
  5. Ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін, әдіснамасын, зерттеу кезеңдерін анықтау. Саланың инновациялық дамуының прогрессивті формаларының алгоритмін құрастыру. Баспа және кітап ісі саласындағы зерттеулердің нәтижелерін сыни бағалау.
  6. Инновациялық білім беру әдістерін, баспа ісін оқыту технологияларын қолдану.
  7. Редакциялық-баспа қызметінің ерекшелігін талдау кезінде түпнұсқалық және шығармашылық көзқарас көрсету. Отандық баспа өнімін әлемдік нарыққа жылжытуды сыни талдау.
  8. Баспа және электрондық басылымдардың отандық және шетелдік нарықтағы даму үрдісін жүйелеу және салыстыру.
  9. Жаңа контекстегі өндірістік проблемаларды шешуге технологиялық шешімдерді ұсыну арқылы қазіргі заманғы кітап басу ісінің өндірістік-технологиялық ортасын сапалы жаңартуға қол жеткізу.
  10. Редакциялық-баспа қызметінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді генерациялау. Баспа кәсіпорнының жарнамалық саясатын біріктіру және үйлестіру.
  11. Маркетингтік қадамдар мен жаңалықтарды әзірлеу кезінде инновациялық технологиялық және экономикалық тиімді шешімдерді негіздеу.
  12. Оқыту және өзін-өзі оқыту мақсатында зерттеу және жобалау жұмыстарын орындау кезінде халықаралық тәжірибені біріктіру. Рефераттар, презентациялар, ғылыми баяндамалар, жарияланымдар түрінде теориялық-кітаптану және практикалық-бағытталған зерттеу нәтижелерін ұсыну.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1379

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

  1. Вайоминг унверситеті (АҚШ);
  2. Огайо университеті(АҚШ);
  3. Оклахома университеті(АҚШ);
  4. Колумбия университеті (АҚШ);
  5. Аризона университеті (АҚШ);
  6. Дюк университеті (АҚШ);
  7. Лестер университеті (АҚШ);
  8. Стамбул мемлекеттікуниверситеті (Түркия);
  9. Санкт-Петербург мемлекеттікуниверситеті (Ресей);
  10. А. Мицкевич ат. университет (Польша);
  11. Халықаралық журналистика университеті (АҚШ);
  12. Пенза федералдықуниверситеті (Ресей);
  13. Теледидаржәнерадиохабарқызметкерлерініңбіліктілігінарттыру институты (Ресей);
  14. ЕуразияХалықаралықтеледидаржәне радио академиясы;
  15. М.Ұлықбекат. Ташкент мемлекеттікуниверситеті (Өзбекстан).

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)