СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ САРАПШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ САРАПШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің Үйлестірушісі болып белгіленді.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу Қағидаларының 10-тармағына сәйкес Үйлестіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде сарапшыларды тартады.

 

Осыған байланысты, біз сарапшылардың конкурстық іріктеуіне қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлесін қосуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырамыз.

 

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білімді;

2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;

5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;

6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 ж. 15 ақпанның сағат 10:00 – ден 2021 жылғы 19 ақпанның сағат 24:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды қағаз және(немесе) электрондық жеткізгіште ұсыну қажет:

1) дербес деректерді өңдеуге келісімді растай отырып және міндетті түрде телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, бірінші басшының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) білімі туралы құжаттардың, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттардың (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

5) бар болған жағдайда ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

 

Бұдан басқа, конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін Egov.kz электрондық үкімет порталынан қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

 

1. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру туралы анықтама

 

Конкурстық іріктеу кезеңдері:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау (15 ақпаннан 19 ақпанды қоса алғанда);

2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (а.ж.22-23 ақпаны);

3) тестілеуге жіберілген үміткерлерді хабардар ету (а.ж. 24-25 ақпаны);

4) үміткерлерді тестілеуден өткізу (а.ж. 26 ақпаны);

Үміткерлер үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды;

4) сұхбаттасу туралы хабарлама (а.ж. 27-28 ақпаны);

5) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен сұхбаттасу. Сұхбаттасу нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша практикалық тапсырмаларды шешуді де қамтиды (а.ж. 1, 2 және 3 наурызы).

 

Кандидаттарды тестілеу 1 сағат ішінде өткізіледі және қолданыстағы заңнаманы білуге арналған 40 сұрақтан тұрады:

 

1) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою Қағидалары.

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу Қағидалары.

5) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Қосымша: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

 

Құжаттарды қабылдау орны:

 

 

Мекен-жайы 

Байланыс телефоны 

Электрондық пошта 

  1.  

Алматы қ., 050040,

Аль-Фараби д, 71

8 (727) 377-33-33 (вн.1477, 1475), 8 (727) 3773339

(вн. 1354)

info@kaznu.kz

  1.  

Нұрсұлтан қ., 010000, Сығанақ көшесі, 29,

каб. 504 (5 қабат)

8 776 0100789

institutsapargalieva@gmail.com 

  1.  

Ақтау қ., 130000, 29 «а» ш.а., №135 ғимарат, каб. 5

«Шығыс-2» ш.а. , №2 ғимарат, Жаннұр Бизнес орталығы, каб.408

87013041062

aktau.niis @mail.ru

  1.  

Ақтөбе қ., 030000, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 292, каб. 106 Қазпошта ғимараты, Әбілқайыр хан даңғылы, 62, каб.305

87774921925

87014931029

aktobe.niis@mail.ru 

  1.  

Атырау қ., 060000, Баймұханов к-сі, 51Б. Балықшы, Қалмұханов к-сі 22, каб.26

87019215021

atyrau.niis@mail.ru 

  1.  

Көкшетау қ., 020000, Ғабдуллин к-сі, 30, каб. 35

«Капитал» БО, Назарбаев даңғылы 29б, каб.401

87013304263

87711528185

kokshetau.niis@mail.ru 

  1.  

Қарағанды қ., 100000, «Green Plaza» БО Гоголь к-сі, 34А, каб. 605/1

8 7002926112

 

 

karaganda.niis@mail.ru 

  1.  

Қостанай қ., 110007, Чернышевский к-сі, 59 А корпусы, каб.419,

Қонақ үй кешені Қостанайтурист, Байтурсынова 72, кеңсе 306

87054526999

kostanay.niis@mail.ru

  1.  

Өскемен қ., 070000, 30 Гвардиялық Дивизия к-сі, 22,

Бизнес-орталық, Сәтпаев даңғылы, 62, кеңсе 814

87057797646

oskemen.niis@mail.ru

  1.  

Орал қ., 090000, Ғұмар Қараш көшесі, 29/1

«Лингво» аударма орталығы, Ихсанов көшесі, 73 үй-жай.3, каб.10

87471161909

87051803424

oral.niis@mail.ru

  1.  

Тараз қ., 080000, ш. а. Аккозиев көшесі 3

87009519395

taraz.niis@gmail.com

  1.  

Талдықорған қ., 040000, Абай к-сі, 331/2

Жігер Бизнес орталығы, Ақын Сара 137, кеңсе 3 б

87473696154

87007822820

taldykorgan.niis@gmail.com

  1.  

Түркістан қ., 161200, Кентау тас жолы, 3

«Ханака» қонақ үй орталығы, 3 блок, Байбурт к-сі, 3 А, каб.2 (2 қ.)

87057531046

turkestan.niis@gmail.com

  1.  

Петропавл қ., 150000

Театральная көшесі 42

Бизнес-орталық, Абай көшесі 29, каб.302

87018543351 

87056419042

petropavl.niis@gmail.com

  1.  

Павлодар қ., 140000, Горький к-сі, 102/4, каб.215 А

Бизнес-орталық, Астана к-сі, 132, каб.29

87057088400

pavlodar.niis @mail.ru

  1.  

Шымкент қ., 160000, Қонаев даңғылы, 83/1

Бизнес орталығы, Бәйдібек би көшесі 32 А, каб.205

87786198676 

shymkent.niis@mail.ru

  1.  

Қызылорда қ., 120000, Конев көшесі, 17 А 

Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжі, Қонаев көшесі, 17 А, каб.209

87082343014

kyzylorda.niis@mail.ru