Жамбыл — данышпан, даңғыл ақын
2021 жылдың 11 ақпанында сағат 12 – де ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, доцент Мүбәрак Үмбетаев филология және әлем тілдері факультетінің оқытушылары мен студенттеріне арналған "Жамбыл — данышпан, даңғыл ақын" тақырыбында онлайн дәріс оқыды. Мүбәрәк Үмбетаев — Сүйінбай, Жамбыл мұраларын зерттеуші ғалым, бірнеше тағылымды ғылыми еңбектердің авторы.
Ол ұлы ақынның өмірбаянынан қызықты деректерді және оның шығармашылығының қазақ поэзиясының қалыптасуындағы рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ғалым-филологтардың Жамбылдың шығармашылығын зерттеу саласындағы соңғы жетістіктерімен бөлісті. Ол Жамбыл – қазақ халқының жадында мәңгі сақталатын ақын екенін атап өтті.
Дәріс соңында оқытушылар мен студенттер дәріскерге сұрақтар.