Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілік

 

«7M04110  ЕМВА – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ІСКЕРЛІК ӘКІМШІЛІК» / «7M04110 МВА – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ІСКЕРЛІК ӘКІМШІЛІК»

 

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

EMBA/МВА - денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру бағдарламасына түсу емтиханының мақсаты оқуға түсушілердің оқу барысында қалыптастырылатын негізгі кәсіби білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін меңгеру мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқару қызметіне неғұрлым қабілетті және даярлығы бар тыңдаушыларды іріктеу болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттері:

-    болашақ магистранттардың ақпаратты іздеу, іріктеу, синтездеу және нақтылау қабілеті мен дайындығын бағалау;

-    ғылыми-техникалық ақпарат ағынында бағдарлануға мүмкіндік беретін және өзінің практикалық қызметінде ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерін іске асыруды қамтамасыз ететін бизнес зерттеу және менеджмент саласындағы талдамалық даярлықтың сапасын анықтау;

-    оқуға түсушінің оқу процесінде заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығын бағалау;

-    МВА/ЕМВА білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің уәждемелік дайындығын анықтау.

 

Тусушілерге арналған емтихан бағдарламасы: 7м каз.pdf

 

 

«8D04104- ІСКЕРЛІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ»


DBA докторантурасына түсу емтиханының мақсаты-іскерлік әкімшілік ету оқуға түсушілердің оқу процесінде қалыптасатын негізгі кәсіби білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін меңгеру мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ зерттеу және басқару қызметіне барынша қабілетті және даярланған тыңдаушыларды іріктеу болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттері:

-   болашақ докторанттардың ақпаратты іздеу, іріктеу, синтездеу және нақтылау қабілеті мен дайындығын бағалау;

-    ғылыми-техникалық ақпарат ағынында бағдарлануға мүмкіндік беретін және өзінің практикалық қызметінде ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерін іске асыруды қамтамасыз ететін бизнес зерттеу және менеджмент саласындағы Талдамалық даярлықтың сапасын анықтау;

-   оқуға түсушінің оқу процесінде заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығын бағалау;

-    DBA білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің уәждемелік дайындығын анықтау.

 

Тусушілерге арналған емтихан бағдарламасы: 8д каз.pdf