"Ғылым дамуының халықаралық орталығы" қоғамдық бірлестігі
Халықаралық стратегиялық зерттеулерді дамыту орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өкілдіктері бар.
Орталықтың негізгі мақсаттары:
ақпараттық-талдау, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін тиянақты дамыту;
отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерді жүргізуіне рұқсат беру;
ғылыми қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз ету.
Орталықтың міндеттері:
1) заманауи әлемдегі геосаяси процестерге шолу жасау және оларды болжау;
2) саяси жүйелердің, халықаралық қатынастардың жағдайын, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік мәселелерін талдау;
3) саяси, әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық-биологиялық сипаттағы және дінтану проблемаларын зерттеу;
4) мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің дамуына септігін тигізу;
5) халықаралық қатынастарды құру.
Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) зерттеу жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
2) отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;
3) ұлттық мүдделерді нығайтуға, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздікке бағытталған жобаларды қолдайды және сарапшылық іріктеуді жүргізеді;
4) Лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін уақытша ғылыми ұжымдардың жұмысын ұйымдастырады және олардың қызметін үйлестіреді;
5) ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6) жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігіне әсер етеді, ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды бақылайды;
7) талдау болжамдарын анықтайды және олардың туралығына, шынайылығына баға береді;
8) ақпараттық кеңістікке шолу жасайды;
9) байқауларды, талқылау алаңдарын, конференцияларды, форумдарды, семинарларды және тренингтерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады, соның ішінде мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және өзара тиімді халықаралық байланыстарды кеңейту үшін;
10) жетекші ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ұйымдардың, тәжірибелік-конструкторлық бюролардың және ақпараттық технологиялар ғылыми орталықтарының, сондай-ақ лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша сарапшылар тізбесін дайындайды;
11) ынтымақтастыққа неғұрлым перспективті шетелдік мамандарды тартады;
12) интеллектуалдық меншік құқығын қорғау, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасмен белгіленген талаптарды сақтай отырып орындалған және орындалатын ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды, жүйелендіреді;
13) ғылыми зерттеулер нәтижелерін іске асыруға және енгізуге қатысады;
14) ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, мерзімді баспаларды, аудио және бейне өнімдерді дайындауға және шығаруға қатысады;
15) ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін инвестицияларды және қосымша қаражаттарды тартады;
16) ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, мүдделі мемлекеттік органдар кадрларын дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастырады.
Орталықтың серіктестері арасында халықаралық және үкіметтік ұйымдар, жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері бар.
Орталық кеңсесі мына мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95.