Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) жалпы білім беру үрдісінің және барлық оқытылатын пәндер мен оқу сабақ түрлерінің мазмұндық қосындысының бір бөлігі болып табылады.

СҒЗЖ мақсаты: студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жасау, оқыту принциптері, ғылыми зерттеулер, халықаралық практикаға сәйкес ғылыми-зерттеу принциптерін оқыту, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде СҒЗЖ сапасын арттыру.

Міндеттері:

1)   ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;

2)   шығармашылық кәсіби ойлау арқылы ғылыми таным әдістерін меңгеру және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

3) білім беру бірлігін қамтамасыз ету, ғылыми және инновациялық үрдістердің шығармашылық қабілеттілігін дамыту, студенттердің кәсіби-шығармашылық дайындығын жақсарту, ғылыми зерттеу жұмыстарына студент-жастарды жетілдіру нысандарына тарту;

4)   студент тұлғасының жан-жақты дамуына көмектесу, өзін-өзі бағалаудың объектівті бағалаға, шығармашылық коллективте жұмыс дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тартуға баулу;

5)   заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыс түрлері:

  1. Оқу-зерттеу жұмыстары (ОЗЖ), оқу жылында орындалатын тікелей пәндерін оқыту кезінде.
  2. Жеке ғылыми зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), факультеттерде орындалатын, студенттердің ғылыми кафедралдық және кафедрааралық қоғамында (СҒҚ), клубтар мен үйірмелерде.
  3. Қолданбалы ғылыми-тәжірибелік қызмет (ҚҒТҚ), орындалатын тікелей пәндерін оқыту кезінде оқу жоспарының құрамында ҰЖО немесе өз бетінше.

 

СҒЗЖ негізгі ұйымдық-бұқаралық іс-шаралары болып табылады:

– студенттік бизнес-жоба конкурсы;

– ғылыми жұмыстар бойынша байқаулар;

– студенттік ғылыми конференциялар;

–республикалық және университет аралық студенттік ғылыми олимпиада;

– студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі;

–студенттік ғылыми фестивальдар;

–университет аралық, республикалық, халықаралық дебат;

–дөңгелек үстелдер;

–кездесулер, жетекші ғалымдармен және т. б.