Информатика кафедрасы жанындағы «Computer Science» орталығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультеті Информатика кафедрасы жанындағы «Computer Science» орталығы
ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
- Заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық келісімшарттарды жасасу арқылы факультет/кафедра оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерінің жинақталған ғылыми-зерттеу әлеуетін жүзеге асыру;
- бизнес-құрылымдармен, индустриалды және басқа кәсіпорындармен ынтымақтастықта оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
- ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарды, консалтингтік және басқа да қызметтер түрлерін жүргізу;
- ҒЗТКЖ (НИОКР) нәтижелерін апробациялау және елдің білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз ету;
- біліктілікті жоғарылату курстары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- оқу топтарын қалыптастыру және сабақтарды жоспарлау;
- оқушылар мен студенттер үшін пәндік олимпиада өткізу;
- қолданбалы есептерді шешу үшін компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу;
- орталықтың сертификатын беру.
ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- ақпараттық технологиялар;
- бағдарламалау;
- Веб-технологиялар.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАР:
- Гипермәтінді өңдеу тілі (HTML және скриптинг)
- UML және Java бағдарламалау (Unified Modeling Language and Java Programming)
- ІТ саласындағы бизнес
- Электрондық коммерцияның негіздерін және оның стратегияларын үйрену.
- Менеджмент және маркетинг бойынша компьютерлік технологиялар.
- Компьютерлік негіздер
- Бағдарламалауға кіріспе және алгоритмдер негіздері
- АТ-қосымша түсініктері
- Операциялық жүйелердің негіздері
- Компьютерлік желіні жобалау негіздері
- Реляциялық деректер қорын жобалауға кіріспе
- MS SQL Server 2000-ді қолдана отырып деректер базасын құру
- "Клиент-сервер" архитектурасының объектіге-бағытталған қосымшаларын құру
- MS SQL SERVER 2000 қолдану негізінде деректер базасын басқару
- LINUX операциялық жүйесінің негіздері
- TCP / IP-мен желіні өзара ұйымдастыру
- Бизнес-процестерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытудың өмірлік циклін зерттеу
- MS Windows Server 2003 ортасын басқару және енгізу
- Бағдарламалық қамтаманы әзірлеу технологиясы
- Виртуалды білім беру жүйелерін құру және қолдану
Орталық басшысының байланыс ақпараты:
Макашев Ерлан Прмагенбетұлы - ф.-м.ғ.к., Информатика кафедрасының доценті м.а., тел. 3850114 (ішкі 1579), моб. 87012450064, Erlan.Makashev@kaznu.kz, Makashev.Yerlan70@gmail.com