Аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары

   
     
     

«Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN Сертификаты

Бағдарлама: 6M1102000 - қоғамдық денсаулық сақтау

Білім деңгейі: магистратура - профильдік, ғылыми-педагогикалық

Емтихандар: шет тілі (тест), мамандығы бойынша түсу емтиханы (жазбаша)

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: 1; 2 жыл

 

Қызметінің кәсіби түрлері:

•  денсаулық сақтау саласындағы саясат,

•  денсаулық сақтау экономикасы,

•  әлеуметтану және денсаулық психологиясы,

•  денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халық денсаулығын қамтамасыз ету,

• үкімет, жергілікті және үкіметтік емес ұйымдарда  практикалық жұмыс және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы менеджмент.

 

Бейінді пәндер:

•  Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқару

•  Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина негіздері

•  Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу

•  Қоғамдық денсаулық сақтауды оқыту әдістемесінің негіздері

•  Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу әдістемесінің негіздері

 

Білім артықшылықтары:

•  Тәжірибелік сабақтар кезінде ғылыми зерттеулер жүргізумен байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметін  терең зерттеу

•  Медициналық және медициналық емес білімі бар  мамандарды оқуға қабылдаудың мүмкіндігі;

•  Оқу қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып, аралас формасы бойынша жүргізіледі;

•  IQAA 2016 рейтингі бойынша  елдегі үздік университеттің дипломын алу;

•  Менеджмент, юриспруденция, психология бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтті;

•  Факультет оқытушылары мен студенттері шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми және тіл стажировкасынан өте алады.

• Факультет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқыған профессорлық-оқытушалық құрамды ұсынады.

 

Халықаралық қатынастар:

• Сеул ұлттық университеті (Оңтүстік Корея);

• Yonse университеті (Оңтүстік Корея).

• Witold Chodzko атындағы Ауыл денсаулық сақтау институты Люблин (Польша);

• А. Алиев атындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру Әзірбайжан мемлекеттік институты;

•Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша  Азия-Тынық мұхиты Академиялық консорциум;

• Еуропалық аймағындағы денсаулық сақтау мектептері Ассоциациясы;

• Еуропалық аймақтағы биомедицина және денсаулық ғылымдарының PhD білім беру ұйымы;

• Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының Еуропалық Ассоциациясы.

  Жұмыспен қамту және тағлымдаманың өтілетін орындары:

ДСМ Қазақ тағамтану академиясы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылыми-практикалық орталығы, М. Айкимбаев атындағы Карантиндік және зооноздық жұқпалы ауруларының Қазақ ғылыми орталығы.