Онлайн дебаттары

19.06.2020

Көрулер: 3775

ҚазҰУ-да Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті күшейту немесе құқықтық мәдениетті арттыру?» тақырыбына арналған онлайн дебаттарды өтті. Шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Sanaly Urpaq» республикалық жобалау кеңсесі мен ҚР Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Дебаттар Skype платформасында онлайн-режимде өткізілді. Жарысқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Каспий Университеті, «Тұран» университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың интеллектуалды-пікірталас клубтарының мүшелері қатысты. Ойынның ең қызықты Британдық форматы пайдаланылып, оған сәйкес қатысушылар әлемнің ең көне өкілетті мекемесі – Ұлыбритания Парламентінде қабылданған дәлелді дауды жүргізу стилін ұстанды. Британдық Парламентте қабылданған модель бойынша, екі спикерден тұратын екі Үкімет командасы мен екі оппозиция командасы қазылар алқасын өз деректерімен дәлелдеп беруі тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату немесе құқықтық мәдениетті арттыру?» командалар ұсынған дәлелдердің екі негізгі моделін анықтады.