Құрманғажы Гүлнархан

6D060600 – «Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Құрманғажы Гүлнарханның «Магниттік саздардың сорбциялық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақша

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдиев Калдыбек Жамшаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Химиялық процестер мен өнеркәсіптік экология» кафедрасының профессоры, Сәтбаев университеті.

Муздыбаева Шарбану Акказиевна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті.

Ғылыми кеңесшілері:

Тәжібаева С.М. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қ., Қазақстан;
Куличихин В.Г.– РҒА корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясының А.В.Топчиев атындағы мұнай химиялық синтез институты Полимерлер реологиясы кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ., Ресей.

Қорғау 2021 жылы 03 наурызда сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технология», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/81182792064?pwd=Ym9TSllmaXBUNEtGcktKS0dmdndTdz09

Вебинар нөмірі: 811 8279 2064

Сайт әдресі: www.kaznu.kz;

E-mail: Sagdat.Tazhibaeva@kaznu.kz

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  03.02.2021