Рахимова Айнура Кайратовна

6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Рахимова Айнура Кайратовнаның «Микротолқынды синтез, литий ионды батареялар үшін жоғары эффективті катодтық материал ретіндегі LiFePO4-нің құрылысы мен электрохимиялық сипаттамаларын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтердің технологиясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Усольцева Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу технологиялық университеті» (ҚазҰҒЗТУ), «Металлургиялық процестер, жылутехника мен арнайы материалдардың технологиясы» кафедрасының профессоры.

Жумабаева Динара Сарсеновна PhD, Trane Tecnikk компаниясының техникалық эскперті.

Ғылыми кеңесшілері:

Галеева Алина Кулбаевна – химия ғылымдарының кандидаты, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Тьерри Дженизиан – химия ғылымдарының докторы, Жоғарғы үлттық тау-кен Сент-Этьен мектебі профессоры , Марсель қ., Франция.

Қорғау 2020 жылғы 27 ақпанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технология», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: орысша

 

2020 жылғы 27 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Рахимова Айнура Кайратовнаға 6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.01.2020