Даркенбаева Гульсим Спандияровна

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Даркенбаева Гульсим Спандияровнаның «Asymptotic theory of regressions with asymptotically collinear regressors» («Асимптотикалы коллинеар регрессорлары бар регрессиялардың асимптотикалық теориясы») тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Математика және математикалық моделдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Рецензенттер:

Ақанбай Нұрсадық – физика-математика ғылымдарының кандидаты, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Іргелі математика кафедрасының доценты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.05;

Искакова Айман Сериковна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Іргелі математика кафедрасының доценты, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Мыңбаев Қайрат Тұрысбекұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

Карлос Брюнет Мартинс-Филью – PhD, Боулдердегі Колорадо университетінің Экономика факультетінің профессоры, Колорадо, АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 21 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, 213 ауд.

2020 жылғы 19 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 21 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Даркенбаева Гульсим Спандияровнаға 6D060100 – Математика    мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  17.01.2020