Кошербаев Жанболат Асетович

«6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кошербаев Жанболат Асетовичтің «Мультикультурализм қазіргі заманғы Қазақстан қоғамын дамытушы фактор: философиялық талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13;

Кадыралиева Алтынай Мустафаевна – философия докторы (PhD), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдени және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, Шымкент қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Иоганн Рау – философия ғылымдарының докторы, Бундесвер Академиясы жанындағы ғылыми форум профессоры, Гамбург қ., Германия.

Қорғау 2019 жылғы 7 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D060400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр, 95, шығыстану факультеті, № 426 аудитория.

2019 жылғы 7 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 13 желтоқсанның № 4-6385 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Кошербаев Жанболат Асетовичке 6D020100 – Философия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  06.11.2019