Турсинова Жанар Илиясовна

«6D060600 – Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Турсинова Жанар Илиясовнаның «Күрделі оксидті манганиттердің бағытталған синтезі, құрылысы және электрофизикалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің химия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Қамысбаев Дүйсек Хайсагалиевич – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.01;

Қасенова Шұға Болатовна - химия ғылымдарының кандидаты, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының термохимиялық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, доцент, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.04.

Ғылыми кеңесшілері:

Матаев Мұхаметқали Мұсағалиевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

Сиддхарт Саксена – РһD доктор, Кембридж университетінің профессоры, Кембридж қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2019 жылғы 13 қарашада сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия»мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

 

Турсинова Жанар Илиясовнаға 6D060600 – «Химия» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін ізденуге ұсынған «Күрделі оксидті манганиттердің бағытталған синтезі, құрылысы және электрофизикалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының ашық қорғалуы және Диссертациялық кеңес мүшелерінің дауыс беруі (қолдаған - 4, қарсы - 6) нәтижелері бойынша РhD дәрежесі тағайындалмасын.

Диссертациялық кеңестің қорытындысы

Басылым күні :  11.10.2019