Абдиахметова Зухра Муратовна

«6D075100 – Информатика, есептегіш техника және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абдиахметова Зухра Муратовнаның «Вейвлет түрлендіру негізінде сандық мәліметтерді өңдеу жүйесін құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің информатика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Атымтаева Ляззат Бахытовна – физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Сүлейман Демирел атындағы университет, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.04;

Мусабаев Рустам Рафикович –  техника ғылымдарының кандидаты, профессор,  ҚР БҒМ информатика және басқару институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Мухамбетжанов Салтанбек Талапеденович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18;

Сенбай Далабаев – Dr.Eng., профессор, Шыңжан университеті, Үрімші қ., Қытай.

Қорғау 2018 жылғы 11 қыркүйек сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылған «6D060200 – Информатика», «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептік техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептегіш техника және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  11.08.2018