Султан Ертай

«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Султан Ертайдың «Қазіргі романның трансформациясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында орындалды.

Рецензенттер:

Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы – 10.01.02;

Зәйкенова Руда Зәйкенқызы – филология ғылымдарының докторы, қауым. профессор м.а., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы – 10.01.02;

Ғылыми кеңесшілері:

Қирабаев Серік Смайылұлы – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Антонио Чичарро Чаморро – доктор, Гранада университетінің профессоры, Гранада қ., Испания.

Қорғау 2018 жылдың 28 ақпанында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D020500 – «Филология», 6D021000 – «Шетел филологиясы», 6D021400 –«Әдебиеттану», 6D020700 – «Аударма ісі», 6D050400 – «Журналистика», 6D011800 –«Орыс тілі және әдебиеті» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, ф.ғ.д., профессор Т.Кәкішев атындағы № 310 дәрісхана.

Басылым күні :  27.01.2018