Арбуз Галина Сергеевна

«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Арбуз Галина Сергеевнаның «Поливалентті металдар және жаңа төсеніштер негізінде синергетикалық эффектісі бар модифицирленген электродтар өңдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мылтыкбаева Лаура Каденовна – PhD, ШЖҚ РММ «Жану проблемалар институтының» тотықтандыратын катализ зертханасының ғылыми қызметкері,  мамандығы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

Матаев Мухаметкали Мусагалиевич – химия ғылымдарының докторы, ЖШС «Жоғары технологиялар институты» АҚ ҰАК «Казатомпром», геология және геотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері, мамандық 02.00.01 – бейорганикалық химия

Ғылыми кеңесшілер:

1. Камысбаев Дуйсек Хайсагалиевич– химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы.

2. Фриц Шольц –Грайфсвальд университетінің профессоры, Германия.

Қорғау 2018 жылы 20 ақпанда сағат 14.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудиториясы.

Қорғау тілі: орысша.

Басылым күні :  12.01.2018