Исламғожаев Талгат Үрімқалиұлы

«6D070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Исламғожаев Талгат Үрімқалиұлының «Басқару мен бағдарды құру алгоритмдерін қолдана отырып дербес мобильді роботты басқаратын жасанды интеллект элементтері бар жүйені құрастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және еспетеуіш технологиялар институтында (АжЕТИ) орындалған.

Рецензенттер:

Куандыков Абу Абдикадырович – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.11;

Суйменбаев Багдат Темиргалиевич - техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғарыштық құралдарды пайдалану кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Калимолдаев Максат Нурадилович – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК АжЕТИ бас директоры, Алматы қ., Қазақстан.

Фрэнк Чонгву Парк – PhD, профессор, Сеул ұлттық университеті, Сеул қ., Корея.

Қорғау 2017 жылғы 28 желтоқсан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060200 – Информатика», «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептік техникасы жіне бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 - Информатика, есептегіш техника және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 аудитория.

Басылым күні :  27.11.2017