Джакашева Мадина Адилбиевна

«6D070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Джакашева Мадина Адилбиевнаның «Қызыл шараптардың органолептикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін пектолитикалық ферментті препаратты алу технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Биотехнология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Хакимжанов Айдар Атымтаевич - биология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК «М.Ә.Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институтының» дәнді дақылдар биохимиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.04;

Тулемисова Жанара Кенесовна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 16.00.03.

Ғылыми кеңесшілері:

Кедельбаев Бахытжан Шильмирзаевич техника ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ., Қазақстан;

Питер Александр Либерцайт – жаратылыстану ғылымдарының докторы, Вена университетінің профессоры, Вена қ., Австрия.

Қорғау 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, № 214 мәжіліс залы.

Басылым күні :  07.11.2017