Ертарғынқызы Динара

«6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ертарғынқызы Динараның «Жоғары мектепте болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалын қалыптастыру жүйесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Бейсенбаева Айгүл Қалтайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Азаматтық авиация академиясының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.08.

Ғылыми кеңесшілер:

Ахметова Гүлнас Кенжатайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Басқарма Төрағасы.

Пак Сан Хюнг – PhD, Донгук университетінің профессоры, Сеул, Оңтүстік Корея.

Қорғау 2017 жылдың 19 қазанында сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 - Саясаттану», «6D050100 - Әлеуметтану», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 - Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  18.09.2017