Мухамеджанов Ержан Серикович

«6D060500–Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Е.С. Мухамеджановтың «Зарядталған жеңіл бөлшектердің 11В ядроларымен әсерлесуін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау ағылшын тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Лебедев Игорь Александрович - ф.-м.ғ.д., ЖШС «Физика-техникалық институтының» ядролық физика және радиациялық экология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.23;

Жуков Валерий Витальевич - ф.-м.ғ.к., Лебедев атындағы ҒАФИ «Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясы» филиалының директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.16.

Ғылыми кеңесшілері:

Буртебаев Насурлла - ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

Владислав Тшаска (Wladyslaw Trzaska) - PhD, профессор, Ювяскюля Университеті (Ювяскюля қ., Финляндия Республикасы).

Қорғау 2016 жылғы 29 желтоқсан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  28.11.2016