Наурызбаев Руслан Жумабаевич

6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Наурызбаев Руслан Жумабаевичті «Еркін метабельді Ли алгебраларының автоморфизмдері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алгебра және геометрия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Даирбеков Нурлан Слямханович – физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан-Британ техникалық университеті Математика және кибернетика ғылыми білім беру орталығының басқарушысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.01;

Демисенов Берик Нуртазинович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық информатизация академиясының академигі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының доценті, Қостанай қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.06.

Ғылыми кеңесшілері:

Өмірбаев Уалбай Үтмаханбетұлы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан;

Леонид Макар-Лиманов – PhD, Уейн мемлекеттік университетінің профессоры, Детройт қ., АҚШ.

Қорғау 2016 жылғы 22 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  19.11.2016