Космакова Минзиля Тимербаевна

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Космакова Минзиля Тимербаевнаның «Параболические краевые задачи в нецилиндрических областях» («Цилиндр емес облыстардағы параболалық шеттік есептер») тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер: Дженалиев Мувашархан Танабаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық моделдеу Институты   (Алматы, Қазақстан); Калантаров Варга – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Коч университеті (Стамбул, Түркия).

Рецензенттер:

Харин Станислав Николаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы, мамандығы 01.04.14;

Токибетов Жанузак Абдыкулович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, мамандығы 01.01.02.

Қорғау 2016 жылы 30 маусымда сағат 14.00-де "6D060100 Mатематика", "6D060300 Mеханика", "6D070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу", "6D074600 Ғарыштық техника және технологиялар" мамандықтар топтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 аудитория.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Басылым күні :  30.05.2016