Нуржанов Чингиз Аскарович

«6D060200 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нуржанов Чингиз Аскарович «Құрамында улы элементтері бар жерді тазарту кезінде болжау және шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйесін жобалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Лебедев Данил Владимирович – PhD, Аstana IT университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры (Астана, Қазақстан).

2. Пак Александр Александрович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми жетекшілер:

1. Найзабаева Лязат Кыдыргалиевна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы, Қазақстан).

2. Валентина Пидлиснюк – химия ғылымдарының докторы, профессор, Ян Евангелиста Пуркинье университетінің (Усти-над-Лабем, Чехия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Тен Татьяна Леонидовна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университеті (Қарағанды, Қазақстан).

2. Белощицкая Светлана Васильевнч – техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Astana IT University (Астана, Қазақстан).

3. Акжалова Асель Жолдасовна – PhD, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы, Қазақстан).

4. Самбетбаева Мадина Аралбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

5. Боранбаев Асқар Сейилханович – Ph.D., қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектептері (Астана, Қазақстан).

6. Анджей Смолартс – техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті(Люблин, Польша). 

Қорғау 2023 жылдың 23 қараша күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D07300, 8D06101 – Ақпараттық жүйелер»; «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Компьютерлік инженерия)»; «6D075100 - Информатика, есептеу техникасы және басқару (Жүйелік инженерия)»; «6D060200 - Информатика (Компьютерлік ғылымдар)»; «6D100200, 8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»; «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) формат түрінде етеді.

Басылым күні :  23.10.2023