Сақан Қайрат Сақанұлы

«8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сақан Қайрат Сақанұлының «Итерациялық блоктық шифрларға негізделген хеш алгоритмдерін құру және олардың криптоберіктілігін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Явич Максим Павлович – PhD, Кавказ университеті киберқауіпсіздік бағытын басқарушы профессор, киберқауіпсіздік ғылыми ассоциациясының президенті, (Тбилиси қ., Грузия);
2. Абдукаримова Алия Амировна – PhD, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Ақпараттық технологиялар институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Нысанбаева Сауле Еркебулановна – техника ғылымдарының докторы, доцент, ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (Алматы қ., Қазақстан);
2. Анджей Смолартс – техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті (Люблин қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Басан Елена Сергеевна техника ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, Оңтүстік федералды университеті (Ростов-на-Дону қ., Ресей);
2. Сатыбалдина Дина Жагыпаровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі, Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ҒЗИ директоры (Астана қ., Қазақстан);
3. Аманжолова Сауле Токсановна техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Компьютерлік инженерия және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
4. Нурушева Асель Муратовна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының доценті м.а. (Астана қ., Қазақстан);
5. Жукабаева Тамара Кокеновна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан);
6. Юбузова Халича Ибрагимовна – PhD, Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Киберқауіпсіздік, ақпараттарды өңдеу және сақтау» кафедрасының қауымд. профессорі (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D07300, 8D06101 – Ақпараттық жүйелер»; «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Компьютерлік инженерия)»; «6D075100 - Информатика, есептеу техникасы және басқару (Жүйелік инженерия)»; «6D060200 - Информатика (Компьютерлік ғылымдар)»; «6D100200, 8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»; «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) формат түрінде етеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/88283390117?pwd=Z2FJR1krWGlCQkgwdndNVDJ4U014QT09

Идентификатор: 882 8339 0117

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Басылым күні :  07.08.2023