Қахарман Нүрбек

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Қахарман Нүрбектің «Азғындалған гиперболалық теңдеулер үшін жалпы регулярлы шеттік есептер» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің математика кафедрасы мен математика және математикалық моделдеу институтында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - Қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Муратбеков Мусахан Баймакбаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры (Тараз қ., Қазақстан). Мамандығы: Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика.

2. Рысбайулы Болатбек - физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: Математика.

Ғылыми жетекшілер:

1. Кальменов Тынысбек Шарипович – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық моделдеу институты (Алматы қаласы, Қазақстан);

2. Пьер Доменико Ламберти – PhD, Падуа университетінің профессоры (Падуа қ., Италия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ашыралыев Аллаберен – физика-математика ғылымдарының докторы, Бахчешехир университетінің профессоры (Ыстанбұл қ., Түркия);

2. Рамазанов Мурат Ибраевич - физика-математика ғылымдарының докторы, академик Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы: Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика;

3. Даирбеков Нұрлан Слямханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Сүлеймен Демирель атындағы Университет (Қаскелең қ., Қазақстан);

4. Нұрахметов Дәулет Болатұлы PhD, Астана Халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 26 мамыр сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы «6D060100 (8D05401) – Математика», «6D070500 (8D06104) – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.

Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд.

Zoom конференциясына қосылу (онлайн):

Подключиться к конференции Zoom:

https://us02web.zoom.us/j/89671447624?pwd=eVcvRmJvL3FHNnRhZGpIRVY5WXlOUT09

Конференция идентификаторы: 896 7144 7624

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.04.2023