Кәрібаева Айдана Сейілғазықызы

«6D070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кәрібаева Айдана Сейілғазықызының «Нейронды машиналық аударма үшін қазақ тіліндегі мәтіндерді морфологиялық сегментациясының модельдері мен әдістерін құру және зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

 1. Ергеш Бану Жантуғанқызы – PhD доктор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан). Мамандығы: 6D060200 – «Информатика»;

2. Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна – техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен қ., Қазақстан). Мамандығы: 05.25.05 – Ақпараттық жүйелер және процестер, информатиканың құқықтық аспектілері.

Ғылыми жетекшілер:

1. Тукеев Уалшер Ануарбекович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан);

2. Барри Хэддоу – PhD доктор, Эдинбург университеті (Эдинбург қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

 1. Гатиатуллин Айрат Рафизович – техника ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Қолданбалы семиотика институты (Қазан қ., Ресей, Татарстан).

2. Мусабаев Рустам Рафикович – техника ғылымдарының кандидаты,  Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (Алматы қ., Казақстан).

3. Разахова Бибигул Шамшановна - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

4. Барлыбаев Алибек Бактыбаевич - PhD, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

5. Мухамедиев Равиль Ильгизович – т.ғ.д., профессор, Сәтбаев университеті (Алматы қ., Казақстан).

6. Самбетбаева Мадина Аралбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

Қорғау 2023 жылдың 3 мамырында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  «6D070300, 8D06101 – Ақпараттық жүйелер», «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік инженерия), «6D075100 - Информатика, есептеу техникасы және басқару» (Жүйелік инженерия), «6D060200 - Информатика» (Компьютерлік ғылымдар), «6D100200, 8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы/білім беру бағдарла­малары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас түрде (онлайн және офлайн) өтеді. Мекен жайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, Ақпараттық технологиялар факультеті, 327 аудитория.

Басылым күні :  02.04.2023