Аубакирова Молдир Орныкбаевна

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Аубакирова Молдир Орныкбаевнаның «Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның фондық және антропогенді өзгерген суқоймаларын зоопланктонның құрылымдық көрсеткіштері негізінде бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация ШЖҚ-дағы РМК «Зоология институты» ҚР БҒМ Ғылым комитеті гидробиология және экотоксикология зертханасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттері:

1. Саметова Эльмира Сайлаухановна – биология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК ШЖҚ-дағы РМК «Ботаника және фитоинтродукция институты», бас ғалым хатшы (Алматы қ., Казақстан). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.

2. Туменов Артур Насибуллаулы – PhD, ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы», Батыс Қазақстан филиалының директоры (Орал қ., Казақстан). Мамандығы: 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».

Ғылыми жетекшілері:

1. Крупа Елена Григорьевна – биология ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ ҒК ШЖҚ-дағы РМК «Зоология Институты», Гидробиология және экотоксикология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

2. Vrba Jaroslav – Оңтүстік Чехия Университетінің профессоры, PhD, (Ческе Будеевице қ., Чехия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Абдыбекова Аида Макеновна – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының бас директорының орынбасары (Алматы қ., Казақстан);

2. Каримов Бахтиёр Курамбоевич – биология ғылымдарының докторы, профессор ҰҒЗ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері университеті» (Ташкент қ., Өзбекстан);

3. Байшашов Болат Уапович – биология ғылымдарының кандидаты, мезозой және кайназой геология зертханасының жетекші ғылыми қызеткері, Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты (Алматы қ., Қазақстан);

4. Аубакиров Марат Жаксылыкович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветериниралық медицина кафедрасының доценті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., Қазақстан);

5. Абдибаева Айгерим Алкеновна – PhD докторы, паразитология зертханасының меңгерушісі, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты (Алматы қ., Казақстан);

6. Аубакирова Гульжан Аманжоловна – биология ғылымдарының кандидаты, аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының доценті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 27 мамырында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060700, 8D05101–Биология», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84253258730?pwd=a0FueEx4UDhaZWhSZXFWMk9TOXRCdz09

Идентификатор: 842 5325 8730

Этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  27.04.2022