Кайыров Рустем Айбекович

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кайыров Рустем Айбековичтің «Жаңа трипод түрдегі 3-PRRS параллель манипулятордың кинематикалық талдауы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Шинтемиров Алмас Максимович – техника ғылымдарының кандидаты, PhD Ливерпуль университеті, Ұлыбритания, Электрлік және компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісінің м.а., Назарбаев Университетінің Робототехника және мехатроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 05.09.03 – Электротехникалық кешендер мен жүйелер, электротехника және электроника саласындағы PhD докторы (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).

2.  Абдраимов Эмиль Самудинович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Машина жасау және автоматика институтының С.Абдраимов атындағы зертхана меңгерушісі. Мамандығы: 05.02.18 – механизмдер мен машиналар теориясы (Бішкек қ., Қырғызстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Байгунчеков Жумадил Жанабаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан).

2. Мед Амин Лариби – PhD докторы, іргелі және қолданбалы ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры, Pprime институты, Пуатье университеті, (Пуатье қ., Франция).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

 1. Глазунов Виктор Аркадьевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеме, Ресей ғылым академиясының А.А. Благонравов атындағы Машина жасау институтының директоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

2. Ожикенов Қасымбек Әділбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасының меңгерушісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (Алматы қ., Қазақстан).

3. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қолданбалы механика және инженерлік графика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ.

4. Ешмұхаметов Азамат Нұрланұлы – PhD докторы, Назарбаев Университетінің ISSAI және ARMS зертханасының постдокторанты (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 8 сәуірінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100, 8D05401 – Математика», «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D070500, 8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде етеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/82833030181?pwd=ZXVkbld6cWIxNGRqSXBFNk53Zk5mQT09

Идентификатор: 828 3303 0181

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  05.03.2022