Зертханалар мен орталықтар
|
Халықаралық қатынастар факультетінің ғылыми орталықтары |
-Еуропалық Ақпараттық Орталық:еуропалық ықпалдасу үдерісі және ЕО қызмет етуі; еуропалық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы мен дамуы;
-Америкалық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы: американистика, жаһандану жағдайында АҚШ сыртқы саясатының мәселелері;
-НАТО туралы Ресурстық және Ақпараттық Орталық: аймақтық қауіпсіздік мәселелері; НАТО мен Қазақстан Республикасының ынтымақтасу мәселелері;
-«Әл-Фараби - Карнеги» жобасы: Карнеги қорымен бірлесе отырып, әлеуметтік ғылымдар, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және ҚР заңнама салалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру арқылы ғылым-білім беру қызметіне қолдау көрсету;
-Германдық зерттеулер орталығы:германистика, Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері, ҚР және ГФР сыртқы саясаты, неміс мәдениеті мен тілін дамыту, DAAD желісі бойынша білім беру жобаларын ілгері бастыру;
-БҰҰ жөніндегі орталық:Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары мен институттарының әлемдегі қызметі және БҰҰ-ның ҚР-дағы ДБ-ның (Даму бағдарламасының), сондай-ақ ҚР-дағы БҰҰ қызметінің білім беру аспектілері мәнмәтіні негізінде бейбітшілік құрылысы, кикілжіңдерді реттеу, әлемдік және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер;
-Студенттер, ғалымдар, магистранттар мен докторанттардың халықаралық академиялық ұтқырлығына көмек көрсету бойынша ресурстық және ақпараттық орталық: студенттер мен оқытушылар үшін ұтқырлықтың халықаралық бағдарламаларын таңдау бойынша көмек көрсету мәселелері, Қазақстанда және шет елдерде жазғы мектептерді ұйымдастыру, шетелдік жоғары оқу орындарында әрі қарай оқудың бағдарламасын таңдау бойынша бакалавриат және магистратура бітірушілерге кәсіптік бағдар беру;
-Еуразиялық зерттеулер орталығы:ҚР мен ТМД елдерінің неоеуразиялық идеялары мен тұжырымдамаларын оқып үйрену, Еуразиялық одақ, ҚР мен РФ сыртқы саясаты.
-Қытайды замануи зерттеулер орталығы:ҚХР-дың қазіргі заманғы саяси-экономикалық жағдайын оқып үйрену, Қазақстан мен Қытайдың екі жақты қатынастарының тарихы, қытайтану.
|
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұсындағы НАТО туралы ақпараттық жәнересурстық орталық
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұсындағы НАТО туралы ақпараттық және ресурстық орталық пен Халықаралық және еуроатлантикалық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты зерттеу орталығы Сіздерді қазан айының 9-10 жұлдызында өтетін «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының аясындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығы: сабақтары мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа жиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжиірбелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция барысында «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдық дамуының нәтижелері талқыланып, Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарды дамытудағы және аймақтық қауіп-қатерлермен күресудегі осы бағдарламаның жаңа жиектеріне сараптама жасалады.
Шараға қатысушы мамандар талқылайтын басты мәселелер: Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері мен Уэльстегі НАТО саммитінің нәтижелері; Орталық Азия мемлекеттерінің ерекшеліктерін ескергендегі «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» сабақтары; аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекетері мен НАТО мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі және болашақ жолдары; «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының даму потенциалын ашу мүмкіндіктері; Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі аймақтық ынтымақтастық тетіктері және Орталық Азиядағы геосаяси контексттегі аймақтық қауіпсіздіктің басқа да өзекті мәселелері.
Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына Орталық Азия бойынша НАТО координаторлары, ҚР СІМ өкілдері мен дипломатиялық корпус мүшелері, шетелдік және Орталық Азия эксперттері қатысады.
12.11. на факультете было проведена Мини-модель ООН при содействии Ресурсного Центра ООН. Как всегда, студенты с большим удовольствием пообщались с главой Информационного офиса ООН в Алматы, представителем ДОИ ООН Властимилом Самеком.
4 декбаря на факультете прошел информационный семинар "научные исселдования в Германии"