Зертханалар мен орталықтар
№ | Зертхана аты | Зертхана меңгерушісінің аты-жөні |
1 | Алгебра және логика зертханасы |
Бадаев Серикжан Агыбаевич, ф.-м.ғ.д., профессор |
2 | Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы зертханасы |
Кангужин Балтабек Есматов, ф.-м.ғ.д., профессор |
3 |
Есептеу техникасы және мұнай-газ саласының проблемалары зертханасы |
Исахов Алибек Абдиашимович, PhD, профессор |
4 | Сұйық, газ, плазма және энергетика механикасы зертханасы |
Калтаев Айдархан Жусупбекович, ф.-м.ғ.д., профессор |
5 | Робототехникалық жүйелер зертханасы |
Дракунов Ю.М., ф.-м.ғ.д., профессор |
6 | Ғарыштық технологиялар зертханасы |
Ракишева Зауре Баяновна, ф.-м.ғ.к., доцент |
7 | Материалдар мен процестер механикасы зертханасы |
Сейдахмет А. |
«Алгебра және логика» зертханасы
«Алгебра және логика»зертханасы іргелі математика кафедрасының ғылыми күш-қуатын ТарМУ және Өскеменнен бірлесіп орындаушылармен біріктіреді.
ММ ҒЗИ қаржыландыратын 3 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған: оның бірі гранттық қаржыландыру бойынша( ҚР Ғылым және білім комитеті), екіншісі Ұлттық инновациялық қор бойынша, келесісі келісімшарт бойынша.
«Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» зертханасы
Зертхананың ғылыми күш-қуатын іргелі математика, дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедра оқытушылары мен Абай атындағы ҰПУ және ҚБТУ бірлесіп істеуші мамандар атқарады.
ММ ҒЗИ қаржыландыратын гранттық қаржыландыру бойынша 9 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған.
«Есептеу математикасы және математикалық моделдеу» зертханасы
Зертхананың ғылыми күш-қуатын математикалық және компьютерлік моделдеу кафедра оқытушылары, ММ ҒЗИштаттық қызметкерлері және ҚБТУ, ЕврҰУ, ҚазҰТУ, Абая атындағы ҰПУ бірлесіп істеуші мамандар атқарады.
ММ ҒЗИ қаржыландыратын гранттық қаржыландыру бойынша 8 және келісімшарт бойынша 1 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған.
«Мұнай-газ өндіретін саласындағы мәселелер және есептеу технологиясы» зертханасы
Зертхананың ғылыми күш-қуатын математикалық және компьютерлік моделдеу кафедра оқытушылары атқарады.
ММ ҒЗИ қаржыландыратын гранттық қаржыландыру бойынша 9 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған.
«Сұйық, газ, плазма және энергетика механикасы» зертханасы
Зертхананың ғылыми күш-қуатын механика кафедра оқытушылары мен физика факультетінің оқытушылары атқарады.
9 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған, оның ішінде: 7 жоба ММ ҒЗИ қаржыландыратын гранттық қаржыландыру бойынша, «Мемлекетаралық серіктестік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар» 2010-2012 жж бағдарлама бойынша бір жоба, НИФ бойынша бір жоба.
«Робототехникалық жүйелер» зертханасы
Зертхананың ғылыми күш-қуатын механика кафедра оқытушылары мен физика факультетінің оқытушылары және ҚазҰТУ-дан бірлесіп істеуші мамандар атқарады.
ММ ҒЗИ қаржыландыратын гранттық қаржыландыру бойынша 6 ғылыми зерттеу жұмыстары тапсырылған.
Ғарыштық технологиялар мен Жерді алыстан зондылау Орталығы (жетекшілері: география және табиғатты пайдалану факультетінен – Құдайбергенов М.Қ., механика-математика факультетінен – Ракишева З.Б., Механика кафедрасы). Орталықтың жұмысын геодезия кафедрасының өкілдері қадағалап отырады.
Механика кафедрасы жанындағы білім беру Орталығы (Механика кафедрасы, жетекшісі – Ракишева З.Б.) – қызмет жасап тұр.
Орталық білім беру саласының төмендегі қызмет түрлерін көрсетеді:
- Сұйық пен газдар механикасы; кинематика және роботтар динамикасының негіздері; цифрлық электроника негіздері; CanSat компоненттерінің негіздері бойынша теориялық курстар оқу;
- Autodesk Inventor бойынша және Autodesk пен Autocadты инженерлік графикадағы қолданылуларымен бірге оқыту;
- «Материалдар мен үдерістер механикасын зерттеу» Ғылыми-зерттеу зертханасында (ҒЗЗ) «Эксперименттік гидромеханика негіздері», «Эксперименттік гидравлика» және «Жерасты гидродинамикасы» курстары бойынша ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде зертханалық жұмыстар жүргізіледі.
Ықылас білдірген қалаушылар «Механика», «Ғарыштық техника мен технологиялар» мамандықтары бойынша ҚазҰУ магистратурасы мен докторантурасына түсушілерге арналған дайындық курстарына қатыса алады.
Орталық сонымен қатар сертификатталған «Материалдар мен үдерістер механикасын зерттеу» ҒЗЗсында келесі статикалық сынақтар (созу, қысу, иіліс, Юнг модулін анықтау, Пуассон коэффициентін анықтау, дәнекерленген бірігулерді металлографикалық зерттеу, деформацияланған күйді Vic3D жүйесімен талдау), дәнекерленген бірігудің макрошлифі (дәнекерлеу жіктері зоналары бойынша қаттылықты анықтау), құрылымды микрозерттеу (дәндердің шамасы мен формасын анықтау, дефектілерді айқындау және т.б.), лазермен тілу және оймалау тақырыптары бойынша шаруашылық келісім және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін ғылыми-инновациялық қызметтер де көрсетеді.
Іргелі математика кафедрасының Кеңес беру орталығы (Іргелі математика кафедрасы, жетекшісі – Сихов М.Б.) – қызмет жасап тұр.
Орталық жұмысының негізгі пәндік аймағы болып келесі негізгі бағыттар бойынша кеңес беру, консалтингтік және басқа да қызмет көрсету табылады:
- басқа жоғары оқу орындары студенттеріне кеңес беру;
- мектеп оқушыларын жоғары оқу орындарына түсуге арналған емтихандарға дайындау;
- қаржылық және басқа ұйымдарға консалтингтік қызмет көрсету;
- GMAT (Graduate Management Admission Test), SAT (Scholastic Assessment Test) және басқа да халықаралық емтихандар тапсыру үшін дайындық курстарын жүргізу;
- Қазақстан Республикасы актуарийлерін оқытуға арналған ең минималды бағдарлама бойынша курстар өткізу.
Жоғары өнімді есептеулер бойынша құзырлылық Орталығы (Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы, жетекшісі – Жәкебаев Д.Б.) – қызмет жасап тұр.
Орталық қызметінің негізгі пәндік аймағы – жоғарыөнімді есептеулердің өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар жүргізу, студенттерді олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар байқауына дайындау. Солнымен қатар, жоғарыөнімді есептеулер бойынша білікті мамандар дайындау үшін қажетті тренингтер, дәрістер, практикалық сабақтар ұйымдастыру және жүргізу, тестілеу мен сараптамалар өткізу, кеңестер беру, ұсынылған және құрылған әдістемелік материалдарды қазақ тіліне аудару.
Тұрақты түрде жаңа курстар құрылып тұрады, семинарлар мен тренингтер өткізу үшін үнемі шетелдік мамандар шақырылып тұрады. Тек 2017 жылдың өзінде Орталықтың жұмысына Ұлыбританиядан Dr. Kaplunov U.D. (Киль университеті – KeeleUniversity), Алманиядан Dr.-Ing. MatthiasMeinke (Аахен университеті (RWTH, Chair of Fluid Mechanics Institute of Aerodynamics) қатысты.