Факультет тарихы
Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең ежелгі факультеттерінің бірі, 1937 жылы құрылған. Оқыту ісі көпдеңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат; магистратура; PhD докторантура Бакалавриат түлегі «филология бакалавры» академиялық деңгейі берілетін оқыған мамандығы бойынша квалификацияға ие болады. Факультетте екі бағыт бойынша магистрлер дайындалады:
1) Филология (профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы, фольклортану, салыстырмалы әдебиеттану, қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы;
2) Лингвистика (профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы. Факультетте студенттерді негізгі мамандықтар бойынша оқыту ісі екі тілде жүргізіледі: шет тілдердің бірін біле отырып қазақ және орыс тілдерінде. Факультетте 190 оқытушы, ҚР ҰҒА 3 академигі, ЖМ ХҒА 3 академигі, 4 ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, 1 Қазақстанның Халық жазушысы, 11 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 37 ғылым докторы, профессорлар; 74 ғылым кандидаты, доценттер қызмет етеді.
Факультетте 6 кафедра бар:
1. Қазақ тіл білімі кафедрасы;
2. Қазақ әдебиеті тарихы және әдебиет теориясы кафедрасы;
3. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы;
4. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы;
5. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы;
6. Шет тілі кафедрасы;
Факультетте күрделі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар тобы бар. Факультетте: 3 компьютер класы, 2 лингафон кабинеті, 1 Интернет класс, қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, аудиокласс, психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер лабораториясы, қазақ фольклортануының оқу-зерттеу лабораториясы бар. Факультетте студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.