Білім беру бағдарламалары
Білім саласы: 6B02 Искусство и гуманитарные науки
Дайындық бағыты: 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Білім беру бағдарламаларының тобы: B034 Тарих және археология
Білім беру бағдарламасы: 6B02204 Археология және этнология
БББ мақсаты: Білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіби мәселелер мен әртүрлі жағдайларды шешуде алған білімі негізінде дұрыс баға бере алатын; археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі жаңа заманауи технологияларды қолдана білетін; алған білімін ескере отырып, профессионалды сұрақтар бойынша өз ойын білдіре алатын маман даярлау.
БББ түрі: Қолданыстағы БББ
Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын
Кредиттердің көлемі: 240
Берілетін академиялық дәреже: Бакалавр
Оқыту мерзімі: 4
Оқытудың нәтижесі
1. Эмпирикалық әдістерді қолдана отырып далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, бақылау, анкета, салыстырмалы-функционалды талдау;
2. Этнографиялық мәліметтерді тіркеу, өңдеу, оларды топтастыру, хабаршы туралы ақпарат жинау, тіркеу және есеп құжаттарын жасау;
3. Этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкета және сауалнама сұрақтарын құрастыру, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, этнографиялық деректердің мәліметтер базасын жасау
4. Әлем халықтары этнографиясы, түркі халықтары этнографиясы, қазақ халқының этногенез және этникалық тарихынан ғылыми-білім беру және тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелерде, қосымша сабақтарда дәрістер жүргізу;
5. Тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік жұмыстарды іске асыру, экскурсия жүргізу, экспозиция жасау;
6. Ғылыми әдістерге және мәдени мұраны сақтау заңнамалықтарына сүйене отырып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
7. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді тіркеу, сыртқы сипаттарға қарай топтастыру, жөнелту;
8. Оптималды әдістерді қолдана отырып археологиялық жәдігерлерді сипаттау, өңдеу, фото и видео рәсімдеу;
9. Археологиялық жәдігерлерге камералдық зерттеулер жүргізу, зертханалық өңдеу, жиналған материалдарға ғылыми талдау жасау;
10. Салыстырмалы әдіс негізінде археологиялық жәдігерлерге идентификацию жүргізу, тарихи-мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып нысандардың типологиясын жасау;
11. Техникалық құжаттардың негізінде, сипаттау, ретроспективті және деректік талдауды пайдаланып, қауыпсіздік шараларын есепке ала отырып реставрация және консервация әдістерімен тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуына әсер ету;
12. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде әлеуметтік, кәсіби және тұлғааралық қабілеттерді дамыту, топта жұмыс жасай білу, қосымша білім алуға қабілетті болу.