Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Мекен-жайымыз: Масанчи көшесі, № 39/47 (Бөгенбай көшесінің қиылысы), 050038, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 (727) 292-57-17


 

Кафедра меңгерушісі:

ф.ғ.д., профессор м.а.

Саденова Айгул Ескермесовна

тел.: +7(727) 292 - 57 - 17 (ішкі - 1737)

   

 

 

    Кафедра қызметінің негізгі бағыты – шетелдік студенттерге оқу мақсаттарына қарай жалпы білім және тілдік дайындық бойынша білім беру. 

    Бір жыл ішінде тыңдаушылар қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы бойынша базалық білім алып, келесі курстарды: практикалық қазақ және орыс тілдерін, тілдік бейімделуді, аудиовизуалды курсты, елтану, Қазақстан тарихы мен мәдениетін оқиды.

    Оқытудың екінші жылында жоғары деңгейдегі қазақ немесе орыс тілдерінің практикалық курсынан басқа «БАҚ тілі», «Мәдениетаралық коммуникация» және «Ғылыми сөйлеу стилі» сияқты пәндер оқытылады.

     Тыңдаушылар жылына екі рет емтихан тапсырады, емтихан нәтижелері бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат алады.

     ҚазҰУ-да оқуын жалғастыру үшін өзіміздің кафедрада тапсырған тест нәтижелері мен университеттің қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі жеткілікті.

     Әлемнің әр елінен келген шетелдік азаматтармен жұмыс істеуде біздің үлкен тәжірибеміз бар. Біз сіз таңдаған тілде түсініп, сөйлесе алуға үйрете аламыз. Келесі кезеңде сіз университетте оқуыңызды жалғастыра аласыз.

 

Біздің курстар:

 Қазақ тілі шет тілі ретінде / Орыс тілі шет тілі ретінде: А1-А2

Курс ұзақтығы – 10 ай

Сабақтың басталуы: 1 қыркүйек

Оқудың аяқталуы: 30 маусым

Топтағы адам саны: 10

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Құжат қабылдау: 1 мамырдан 30 шілдеге дейін

Курс мазмұны: лексика, грамматика, оқылым, жазылым, сөйлесім, тыңдалым, елтану, қазақ/орыс тіліне кіріспе

Оқу ақысы: 670 000 теңге

  

Қазақ тілі шет тілі ретінде / Орыс тілі шет тілі ретінде: В1-В2

Курс ұзақтығы – 10 ай

Сабақтың басталуы: 1 қыркүйек

Оқудың аяқталуы: 30 маусым

Топтағы адам саны: 10

Аптадағы сағат саны: 22 сағат

Құжат қабылдау: 1 мамырдан 30 шілдеге дейін

Курс мазмұны: Қазақ /орыс тілі шет тілі ретінде (лексика, грамматика, оқылым, жазылым), сөйлеу практикасы, БАҚ тілі, мәдениетаралық коммуникация, Ғылыми сөйлеу стилі, аудиовизуалды курс, Қазақстан тарихы мен мәдениеті, қазақ тіліне кіріспе /орыс тіліне кіріспе.

Оқу ақысы: 670 000 теңге