Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы
Көрулер: 2616
1. Ғылым саласындағы жыл сайынғы:
1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiнҚ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiнШ.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
3) аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiнА.И.Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші) үш сыйлық;
4) педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiнЫ.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
5) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бірсыйлық;
6) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жасғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
7) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жасғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық тағайындалсын.
2. 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде отыз бесті қоса алғандағыжасқа дейінгі талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендиятағайындалсын.
3. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттікғылыми стипендияларды тағайындау қағидасы бекітілсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбіршешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күнөткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 19 шілдедегі
№ 830 қаулысымен бекітілген
Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауқағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылымистипендияларды тағайындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы»Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендiжәне ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардытағайындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылымжәне ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді жәнебасшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызметсаласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылымизерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратынмемлекеттік орган;
3) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалықжәне инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншікобъектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
4) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесеұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылымижәне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іскеасыратын жеке тұлға;
5) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға.
3. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқанғалымдар, ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері:
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге; ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене
қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда отыз бес жасқадейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
4. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде уәкілетті орган менсалалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
5. Ғылым саласындағы сыйлықтар (бұдан әрі – сыйлықтар) мен мемлекеттікғылыми стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
6. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге арналғанконкурстарға осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылымиқызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысаалады.
7. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерінуәкілетті орган (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтар бойынша – ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) айқындайды.
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртiбi
8. Сыйлықтар алу үшiн жұмыстарды ұсыну құқығы меншiк нысанынақарамастан Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының және жоғары оқуорындарының (бұдан әрi - ұйымдар) консультативтік-кеңесші органдарына(ғылыми кеңестер) берiледi.
9. Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiнұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымда белгiленген тәртiппен қабылданады.
10. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылуы мүмкін. Әр автор және авторлар ұжымы конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.
11. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн сыйлықтарға иеболған жұмыстар осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтароған соңғы тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң қайталанып берiлуi мүмкiн.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi теңүлеспен төленедi.
12. Сыйлықтарды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емесимпакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурсты жариялау алдындағы жылды қоса алғанда, соңғы бес жыл ішіндеорындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 641
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Жас ғалымдарға арналған сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа қосаалғанда отыз бес жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Жас ғалымдардың жұмыстары конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қосаалғанда соңғы үш жыл ішінде орындалған болуы керек.
14. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуденөткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыминәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігібаяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 б. т.);
3) жұмыстың қысқаша мазмұндамасы аннотациясы;
4) жұмыстың ғылыми өзектілігі мен маңыздылығын бейнелейтiн ұсыным-негiздеме;
5) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші орган отырысыныңхаттамасынан үзiндi;
6) сыйлық алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;
7) сыйлық алуға үміткердің ұжым жұмыстары үшiн шығармашылық үлесiкөрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
8) негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспауға тиiс);
9) конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрынреспубликалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанынкуәландыратын анықтама. Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 6), 7)және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынанұсынылады.
15. Конкурс материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптарды уәкілетті органы (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) айқындайды.
16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уәкілеттіорганға (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Ондаконкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғансоң 10 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды республикалық басылымдардауәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырады.
17. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар авторлардың жазбашаталаптары бойынша бiр данада қайтарылады.
18. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесібойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның (аграрлық ғылымдарсаласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі) бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады жәнеминистрліктер, ведомстволар және басқа мемлекеттік органдардың өкілдерінен,республиканың әртүрлі ғылым салаларының жетекші ғалымдары менмамандары құрамынан құрылады.
Егер осы сыйлықтарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстарыұсынылған жағдайда, олар комиссияның жұмысына қатыспайды.
19. Сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу критерийлерін конкурстықкомиссия айқындайды.
20. Конкурстық комиссия сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды алдын алақарау үшiн секциялар құрады, олардың құрамы мен жұмыс тәртiбiнайқындайды.
21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде, олардыалған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлықғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне) сыйлықтарды беру жөніндегі шешімді енгізеді.
22. Уәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) конкурстықкомиссия шешімінің негізінде сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдайды.
23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері республикалықбасылымдарда жариялануға және уәкілетті органның (аграрлық ғылымдарсаласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің) Интернет ресурсында орналастыруға жатады.
24. Сыйлық беру туралы дипломдар, төсбелгілер мен ақшалай сыйлықтардылауреаттарға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (аграрлықғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрі) тапсырады.
25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлық лауреатының дипломы,төсбелгісі және ақшалай сыйлығы заңнамаға сәйкес мұрагерлеріне беріледі.
3. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
26. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну құқығыұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарына берiледi.
27. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы шешiмстипендия алу үшiн ұсынылатын үміткер жұмыс істейтін ұйымда белгiленгентәртiппен қабылданады. 27-1. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттікғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларды алуғаалдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайтажіберілуі мүмкін.
Ескерту. 3-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.10.2016№ 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар бір жылға дейінгі мерзімге ғылымсаласындағы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
29. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға ұсынып отырған үміткергемынадай құжаттар ұсынылады:
1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;
2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылымистипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты(ұсынымы);
4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негiзгi қызметорнынан анықтама;
5) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға үміткердің соңғы бес жылдажарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңыздыжұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек). Монография бойынша екібетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі.
30. Конкурс материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптарды уәкілеттіорган айқындайды.
31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылғанматериалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастапкүнтізбелік 30 күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады. Онда конкурстыққұжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 жұмыскүні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды республикалық басылымдардауәкілетті орган орналастырады.
32. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен құжаттарконкурсқа жіберілмейді.
33. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды.
34. Конкурс материалдарын қарау және мемлекеттік ғылымистипендияларды тағайындау мәселесі жөніндегі шешімдерді дайындау үшінуәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады жәнеуәкілетті органның басшы қызметкерлерінен, республикадағы ғылымныңәртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Конкурстық комиссия мүшелері осы стипендияны алуға ұсынылғанжағдайда комиссия жұмысына қатыспайды.
35. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеукритерийлерін конкурстық комиссия айқындайды.
36. Конкурстық комиссия мемлекеттік ғылыми стипендияларға ұсынылғанүміткерлердің жұмыстарын алдын ала қарау үшiн сараптау топтар құрады,олардың құрамы мен жұмыс тәртiбiн айқындайды.
37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізіндеоларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттікғылыми стипендияларды беру жөнінде шешім енгізеді.
38. Уәкілетті орган конкурстық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттікғылыми стипендияларды беру туралы шешім қабылдайды.
39. Мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынанҚазақстан Республикасы Президентінің ғұмырлық стипендиясын алатынҚазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелерінетағайындалмайды.
40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі республикалық ресмибасылымдарда жариялануға және уәкілетті органның Интернет ресурсындаорналастырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 19 шілдедегі
№ 830 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар менмамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары
туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы №1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 338-құжат).
2. «Мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ережені бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы №1501 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 50, 488-құжат).
3. «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы (ҚазақстанРеспубликасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2001 жылғы 5 ақпандағы № 188 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2002 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 91-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қазандағы № 1031 қаулысы (ҚазақстанРеспубликасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 430-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізужәне күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003жылғы 27 қарашадағы № 1191 қаулысымен (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 491-құжат) бекітiлген Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 4-тармағы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2005 жылғы 25 қаңтардағы № 55 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 28-құжат).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат
институты» ШЖҚ РМК