АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

16.09.2022

Көрулер: 2849

Құрметті әріптестер!

ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыруорталығы (2 санаттағы) «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы»(2013-2022 жж.) және ЮНЕСКО-ның білім қоғамын құруға бағытталған идеяларынпрактикалық іске асыру аясында ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтануинститутымен» бірлесіп білім мәдениетін қолдауға бағытталған «Ғылыми білім ментарихи жады мәселелелері: жергілікті және жан-жақты» атты III Халықаралықконференциясын өткізетінін хабарлайды.
Конференцияның өтетін уақыты: 19 қыркүйек 2022 жыл., дүйсенбі, 10.00-18.40(Алматы уақыты), 6.00-14.40 (Орталық Еуропалық уақыт- CET). Қазіргі күрделіэпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, конференция жұмысы біріктірілген(онлайн/оффлайн) форматта өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, The Dostyk Hotel, 4 этаж, Конференц-зал «Алатау».
Zoom желісіне қосылу үшін:
https://us06web.zoom.us/j/81424414112?pwd=MW9GT0Uva0ZUNHlzNUNyZTlZOUYyQT09
Конференция идентификаторы: 814 2441 4112
Кіру коды: 880898
Конференция тақырыбы аймақтық және халықаралық контекст үшін өзекті болыптабылады. Халықаралық ғылыми қауымдастық әртүрлі кезеңдердегі зорлық-зомбылықтыңбастау алуы көбінесе тарихи жады саласындағы қақтығыстардан басталатындығынаалаңдаушылық білдіреді. Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығыныңөз мақсаттарына қол жеткізудегі қызметтерінің практикалық бағыттарының бірі «тарихибілім беруде мифтерді әшкерелеу мақсатында таптаурын болған қате түсініктер менұғымдардан арылуды анықтау» болды. Осыған орай, конференцияда ғылыми білімді,оның шекаралары мен тарихи жадыны қалыптастыру факторларын түсіну ұсынылыпотыр. Өйткені бұл әр түрлі әлеуметтік топтардың ұқсастықтары мен субъективтерінқалыптастырудың негізі болып табылатын тарих ғылымы. Халықаралық ғылымиқауымдастық әртүрлі кезеңдердегі зорлық-зомбылықтың бастау алуы көбінесе тарихижадыдағы қақтығыстардан басталатындығына алаңдаушылық білідіреді. Сонымен қатар,конференция аясында ұсынылған тақырыпты Орталық Азия қоғамының өңірлікконтексінде, XX-XXI ғасырлардағы кросс-мәдени келешегінде зерттеу, оның дамусебептерін анықтау жоспарлануда.
Орталық Азияның қазіргі қоғамдарының тарихи ғылымы әлемдік ғылымныңтұжырымдамалық тәжірибесін игеру процесінде сондай-ақ, ол тарихи заңдылықты іздеукейде ғылыми білімді іздеумен алмастырған сәтте өтпелі кезеңнің барлық шығындары мен салдарын еңсереді. Көп мәдениетті және жоғары интеллектуалды білім қоғамдарынқалыптастыру шарттарының нәтижесінде тарихи сананы жаңғырту процесі маңыздыболады. Осыған байланысты конференцияның мақсаты тарихи мифология феноменінұғыну, қазіргі әлемдегі өркениеттің тұрақты даму факторлары ретінде тарих ғылымы,тарихи жады және тарихи саясат саласындағы ғылыми білімді сақтаудың маңыздылығынөзектендіру, сондай-ақ мәдениеттерді жақындастыру үшін деструктивті әлеуеті бар квази-ғылыми гуманитарлық білімге қарсы іс-қимыл әдістерін әзірлеу болып табылады. Бұлақпарат адамзат игілігі үшін пайдаланылатын білімге негізделген қоғамды қалыптастырубағытында ақпараттық қоғамның эволюциясына ықпал ететініне сенімдіміз, бұл ЮНЕСКО Бас директорының ақпараттық қоғам мәселелері бойынша дүниежүзілік саммитшешімдерінің орындалуы туралы баяндамасында атап өтілді.
Конференцияның міндеттері мәдениеттерді жақындастырудың халықаралықонжылдығын өткізу жөніндегі ЮНЕСКО-ның іс-қимыл жоспарынан туындайды, атапайтқанда, Мәдениеттер мен өркениеттер арасында қалыптасқан тарих пен өзарабайланыстарды неғұрлым терең зерделеуді қолдауға және мәдениетаралық диалог пенмәдениеттер жақындасуының туындауына ықпал еткен барлық процестерді бөліпкөрсетуге бағытталған. Бұл ақпарат адамзат игілігі үшін пайдаланылатын білімгеайналатын білімге негізделген қоғамдарды қалыптастыру бағытында ақпараттыққоғамның эволюциясына ықпал ететініне сенімдіміз.
ЮНЕСКО-ның халықаралық өзара түсіністік, ынтымақтастық және бейбітшілікжәне адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеу туралыұсынымында баяндалған қағидаттарға сәйкес білім беру жүйесін дамытуға мүдделібарлық тараптар мұғалімдер мен оқушылардың мәдениетаралық ашықтық пен мәдениәртүрлілікті дұрыс қабылдау үшін білім мен қабілетке ие болуына бірлескен күш-жігержұмсауға тиіс. Тарихшы, «Анналов» мектебінің негізін қалаушы Марк Блок «Тарих – бұладамзаттың ауқымды және алуан түрлі тәжірибесі, адамдардың ғасырлар бойғы кездесуі.Бұл кездесу бауырластық деңгейінде болса, өмір мен ғылым үшін баға жетпес пайдалы»деп жазды.
Конференция аясында 3 сессия жұмысы жоспарлануда:

Конференция секциялары:

I. Тарихи білімнің факторлары мен деңгейлері

Секцияда тарихи білімнің әртүрлі формалары мен нарративтерінқалыптастырудағы әлеуметтік-мәдени және саяси-экономикалық факторларынұғынуға, олардың диалогын және өзара тәуелділігін түсінуге арналады.

II. Тарихи жадының ақпараттық алаңы

Секцияда медиалық алаңның тарихи зердені қалыптастыруға әсерін, сондай-аққазіргі заманғы ақпараттық қоғамның тарихи зердесінде өзектендірілген дәстүрліжәне пост-дәстүрлі мәдениеттің архетиптері мен бейнелерінің рөлін зерттеуқарастырылады.

III. Жады саясаты және қоғамдық сана: Әлемдік тәжірибе және Орталық Азияқоғамдарының өңірлік ерекшеліктері

Секцияда Орталық Азия қоғамдарын еске алу саясатының негізгі басымдықтарын,тарихи фактілерді, фигураларды, дәуірлерді ұмыту және қайта жандандырутетіктерін ұғынуға арнау жоспарлануда. Ежелгі және ортағасырлық тарихқа дегенжоғары қызығушылықты, генетика көмегімен генеалогияларды іздеуді, қалаларды,топонимдерді, көшелерді және т. б. үздіксіз коммеморативті қайта атауды зерттеуұсынылады. Сонымен қатар, XX-XXI ғасырлар кросс-мәдени контексте, оныңсебептері мен перспективаларын анықтау.

Осы конференция туралы ақпаратқа қызығушылық танытушы тұлғаларғаалғысымызды білдіреміз.
Құрметпен,ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ