Әскери кафедраға қабылдау басталды

01.02.2022

Көрулер: 16998

Запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, соттылығы жоқ, күндізгі бөлімде оқитын 1-2 курс студенттері Алматы қаласы, 1 шағын ауданы, №36 үй мекенжайы бойынша орналасқан Әскери кафедрға келіп өтініш берулеріне болады.

  1. Өтініш 2022 жылдың 1 ақпан айынан бастап қабылданады.

Міндетті құжаттар:

– тіркеу куәлігі (көшірме және түпнұсқасы) – қыздар үшін қажет емес;

– жеке куәлігі (көшірме және түпнұсқасы);

– сотталмағандығы туралы анықтама;

– фотосурет 3х4 – 2 дана;

– қ – 1 дана;

– файл – 2 дана.

2. 2022 жылғы 7 ақпаннан 20 тамызға дейін қорғаныс істер жөніндегі басқармаларда тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексеруден өту.

Белгілі себептермен құжаттарды тапсыру үшін әскери кафедраға келуге мүмкіндігі жоқ студенттер үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өзінің атын, тегін, әкесінің атын (болған жағдайда), ЖОО атауын, оқу курсын, факультетін, электрондық поштасын және телефон нөмерін көрсете отырып, кафедраның электрондық поштасына (vk-kaznu@yandex.ru) сұрау салу қажет.

  1. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және студенттердің физикалық дайындығын тексеру Әскери кафедрада жүргізіледі. Кәсіби-психологиялық тестілеу және дене шынықтыру даярлығын өткізу мерзімі Instagram: vk_kaznu желіде жарияланады.
  2. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кестедегідей талаптар бойынша қабылданады:
  3.  

Жасөспірім студенттер үшін дене шынықтыру нормативтері:

 

 

Бақылау жаттығулары 

Балл 

«5»

(өте жақсы)

«4» (жақсы)

«3» (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белтемелерге тартылу (саны)

12

10

8

Студент қыз балалар үшін дене шынықтыру нормативтері:

№ п/п

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»

(өте жақсы)

«4» (жақсы)

«3» (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқалап жатып денені көтеру, қолды бастың артына көтеру  (саны)

25

20

15

*Үш норматив тапсыру қосындысы бойынша 8 балл жинамаған студентер конкурстың осы кезеңінен өтпеген болып саналады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әскери кафедрасы әкімшілігі