ЕСКЕРТУ!
18.01.2022
Көрулер: 3815
Құрметті ҚазҰУ оқытушылары мен білім алушылары!
2022 жылдың 5-19 қаңтар аралығында еліміздің барлық аймағында Төтенше жағдай режимі жарияланған.
Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласы террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінде. Төтенше жағдай кезінде Алматы қаласы бойынша түнгі сағат 23.00 - ден таңғы сағат 7.00-ге дейін сыртқа шығып, көшеде жүруге қатаң тыйым салынған.
Төтенше жағдай режимі кезінде қауіпсіздікті сақтау тәртібін міндетті түрде орындауларыңызды өтінеміз!
Адамдардың амандығына бағытталған сақтандыру тәртіптік іс-шараларына үлкен жауапкершілікпен қарайық!