Кәсіподақ комитеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің  «Парасат» жергілікті кәсіптік одағы

«Парасат» кәсіподағының төрағасы - Мекебаев Талғат Құмарғалиұлы

Тел. 377 35 55 ішкі - 1199

Тел. 377 35 25 ішкі - 1109

E-mail: Talgat.Mekebaev@kaznu.kz

Төраға орынбасары - Ложникова Ольга Петровна

Жетекші маман - Үмбетжанова Эльвира Алмасқызы

Заңгер - Рысқалиев Дәулет Оразғалыұлы

Бухгалтер - Борисова Любовь Николаевна

Офис менеджері- Нүсіп Лаура

список пред.и чл.профкома 2022г.docx

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» жергілікті кәсіптік одағы» ерікті, өзін-өзі басқарушы, коммерциялық емес қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол білім беру және басқа да салалардағы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамаға және бірлестіктің Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Кәсіподақ қызметі өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы, заңдылығы жәнебелсенділігі сияқты қағидаларға негізделеді.

Кәсіподақтың дербес баланстағы жеке мүлкі, Қазақстан Республикасының банктерінде есеп-айырысу және басқа да шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбасы мен бланктары, сондай-ақ эмблемасы бар.

Кәсіподақ қызметі ашық негізде құрылады және оның мерзімі шектеусіз. Қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтауға қатысу кәсіподақтың негізгі міндетіболып табылады. Оған еңбекті нормалау; еңбекақы шарттарын анықтау; еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау; қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық келісім-шарт жасау; жалпы қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтау мәселелері бойынша жұмыс берушінің актілерін қабылдау үдерісіне қатысу; еңбек жағдайындағы келіспеушіліктерді шешуге қатысу; кәсіподақ мүшелерінің өндірістік қызметке байланысты ұсыныс-сұрақтарын қарастыру; кәсіподақ мүшелеріне құқықтық, материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету жатады. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәртебесі мен қызмет аясының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіподақ білім беру қызметіндегі тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері, азаматтылық пен елжандылықты тәрбиелеу негізінде кәсіби қалыптасуын өз міндетіне алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» кәсіподағы университет қызметкерлерін әлеуметтік қорғауғабағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Аталған жоспар келесі тармақтардан тұрады:

1. Қызметкерлерді диеталық тамақпен қамтамасыз ету жүйесін жасау. Осы мақсатта университет қызметкерлерін диеталық тамақпен қамтамасыз ету процедуралары туралы ереже әзірлеу және ҚазҰУ-дың Тамақтану комбинатымен жасалатын шарт жобасын дайындау.

2. Диеталық тамақпен қамтамасыз ету жүйесін енгізу мақсатында университет жетекшілігі мен Тамақтану комбинатына жеңілдікті тамақтың бағасын белгілеу туралы ұсыныс жасау.

3. Әлеуметтік қорғау жүйесін әзірлеу мақсатында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қызметкерлердің категориясын анықтау.

4. Жалпыуниверситеттік дене тәрбиесі және спорт кафедрасының күшімен университет қызметкерлері үшінденсаулық секциясын жасау қызметін ұйымдастыру.

5. Университет қызметкерлеріне құқықтық кеңес беру көмегін көрсету, сонымен қоса олардың мүдделерін мемлекеттік органдар мен соттарда көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Университет қызметкерлеріне шипажай-курорттық емделуіне ақшалай қаржы бөлу және Ыстық көлде орналасқан шипажайлар мен спорттық-сауықтыру лагеріне жеңілдікті жолдамалар беру.

7. 2009 жылдың наурыз айынан бастап ұжымдық шарт шеңберінде университеттің сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен бірлескен университет қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға бағытталған қорларды анықтауда бірлескен шешімдер шығару мәселелері бойынша мәжілістер өткізу. (әкімшілік департамент, академиялық мәселелер жөніндегі департамент, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі департамент, өндіріс департаменті).