Физика-техникалық факультет

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы құрылған, ол осы күнге дейін де Қазақстан Республикасының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның жоғары білім мен ғылымның флагманы болып қалады. Бірінші факультеттердің ішінде физика-математика, дәстүрдің жарқын жалғастырушысы физика-техникалық факультеті  қазіргі физика-техникалық кластердің орталығы.

      Соңғы жылдары факультет қарқынды дамып келеді, барлық оқу сатысындағы студенттер саны үнемі артып келеді, ғылыми-техникалық жобалар саны тұрақты өсіп келеді, ескі зертханалар жаңғыртылып, замануи техникамен жабдықталған жаңа зертханалар құрылуда.
      Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының басшылығымен талантты студенттер үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іргелі білім алады және алғашқы курстардан бастап қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті мәселелері бойынша қалыптасқан ғылыми мектептер шеңберінде зерттеулерге белсенді түрде тартылады.
      Физика-техникалық факультет – республиканың жоғары білім беру саласының көшбасшысы. Оқытушылар мен студенттер алдыңғы қатарлы әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны ұлғаюда. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырушы ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының таланты, ынтасы мен шығармашылығы арқасында ғана мүмкін болды. Нәтижесінде, Физика-техникалық факультетінің түлектері білім мен технологиялардың кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеріп, еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаға ие болып келеді. 
     Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, физика-техникалық факультеті өз болашағын алдағы, Төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, өзінің дамуын ұзақ жылдарға жоспарлап отыр. Инновациялық экономиканы құру қазіргі заманғы білімсіз және ғылымды дамытусыз, оның нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізусіз мүмкін емес. Осы мақсатта факультетте әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, ғылыми-техникалық зерттеулерді  дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық жоба-жоспарлар жасалды.
     Біздің факультеттің дамуы сізге байланысты білімді де белсенді жастар! Қазақстанның болашағы – сіздің қолыңызда! Біз әрқашан сізбен бірге армандарыңызды жүзеге асыруға дайынбыз, сіздің табысыңыз – біздің табысымыз!